Керімқұлов Талғат Ықсанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Керімқұлов Талғат Ықсанұлы (27.9.1952, Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылы – 4.10.2002, Тараз) – гидротехник, іскер. Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1974). 1974 – 1977 жылы осы институтта ассистент, комсомол к-тінің хатшысы, 1977 – 1981 жылы Мәскеу гидромелиоративтік институтының аспиранты, 1982 – 1986 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында оқытушы, 1986 – 1988 жылы облысы су шаруашылығы мекемесінде жылжымалы механикаландырылған колоннаның бас инженері, 1988 – 1993 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтында аға оқытушы, 1993 – 1994 жылы қазақ-лихтенштейн бірлескен «ИНКО» кәсіпорнының бас гидротехнигі, 1994 – 2001 жылы Тараз мемлекет универсетінде аға оқытушы, 2001 – 2002 жылы Жамбыл жол құрылысы АҚ-нда техникалық директор. Гидромелиоративті-құрылыс саласын ұйымдастыру мәселесіне арналған 10-нан астам еңбектің авторы. <ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Керімқұлов Талғат Ықсанұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}