Кенжебек Үкіұлы Үкин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Кенжебек Үкіұлы Үкин (26 шілде 1940, Қойтас ауылы, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР12 қазан 2024) — кеңестік және қазақстандық партия қызметкері, мемлекеттік қызмет ардагері, қоғам қайраткері. Қостанай облысының Құрметті азаматы (2015).

Өмірбаяны

1940 жылы 26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қойтас ауылында дүниеге келген.

Білімі

1962 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін «физика» мамандығы бойынша бітірген.

1982 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген.

1988 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін «саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

1962-1965 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі, меңгеруші болып жұмыс істеді.

1965-1966 жылдары — Қазақстан ЛКЖО Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық комитетінің хатшысы болды.

1966-1968 жылдары — Қазақстан ЛКЖО Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды.

1968-1970 жылдары — Қазақстан ЛКЖО Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы қызметін атқарды.

1970-1973 жылдары — Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болды.

1973-1975 жылдары — Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық комитетінің екінші хатшысы болды.

1975-1981 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық атқару комитеті халық депутаттары Кеңесінің төрағасы болды.

1981-1984 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық атқару комитеті халық депутаттары Кеңесінің төрағасы болды.

1984-1987 жылдары — Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды.

1987-1990 жылдары — Қазақстан КП ОК Алматы қаласы, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің қадағалаушысы, Қостанай облыстық атқару комитеті халық депутаттары Кеңесінің төрағасы болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

1990-1991 жылдары — Қазақстан КП Торғай облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды.

1991-1992 жылдары — Торғай облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

1992-1993 жылдары — Қостанай облысы әкімшілігінің басшысы болды.

1993-1997 жылдары — Қостанай облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

1997-2000 жылдары — Қостанай облысы экономика басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болды.

2000-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқарма басшысы болды.

2005-2009 жылдары — Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2009-2020 жылдары — Қостанай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2024 жылдың 13 қазанында Кенжебек Үкіұлының 84 жасында қайтыс болғаны туралы хабарланды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Сайланған лауазымдары, депутаттығы

1985-1989 жылдары — Қостанай облысы №152 Амангелді сайлау округінен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылым депутаты.

1990-1993 жылдары — Қостанай облысы №152 Амангелді сайлау округінен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылым депутаты.

Отбасы

Үйленген. Әйелі — Үкина Сара Құсайынқызы, ұстаз.

Балалары: ұлы — Сымбат (1968 туғ. з.ғ.к.); қыздары — Әлфия (1971 туғ.) және Наиля (1975 туғ.)

Марапаттары

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған (2001).

Қостанай қаласының Құрметті азаматы (2005)<ref>Үлгі:Cite web</ref>, Қостанай облысының Құрметті азаматы (2015)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Құрмет грамоталарымен, мемлекеттік және үкіметтік медалдармен және т.б. марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер