Келіссөздер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Келіссөздер-Алашорда үкіметінің, жетекшілерінің кеңес үкіметімен, Уақытша Сібір үкіметімен, Колчак үкіметімен, Қазақ революциялық комитетімен (Қазревком) келіссөздері. 1918 жылы Ә.Бөкейхан мен Х.Ғаббасов И.Сталинмен келіссөздер жүргізді. Мұнда И.Сталин Алашорда үкіметін мойындай отырып, оның кеңес үкіметін мойындауы қажеттілігін айтты. 1918 жылдың сәуір айының басында Ж.Досмұхамедов бастаған Алашорда делегациясы Мәскеуге келіп, Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен жәве Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен келіссөздер жүргізді. Осы уақытта Х.Ғаббасұлы Семейден телеграф арқылы Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен келіссөздер жүргізді. Алашорда делегациясы Халық комиссарлар кеңесінің кіші коллегиясында сәуір айының ортасына дейін жұмыс істеп, автономия жөнінен келісімге келе алмағанымен, шаруашылық бағытында екі жақты келісімшартқа қол қойылды. Осы келіссөздер негізінде Алашорда жетекшілері «Кеңес өкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі» деп тануға мәжбүр болды. 1918 жылы жаз айларында Ә.Бөкейхан, Ә.Ермеков, Алашорданың әскери бөлімінің бастығы Х.Тоқтамышев Уақытша Сібір үкіметімен Алашорда әскерін құруға көмектесу жөнінде келіссөздер жүргізді. Алаштың әскери құрамалары ақ гвардияшылардың көмегімен қызыл армияға қарсы согыс қимылдарын жүргізді. Осындай келіссөздерді Жанша және Халел Досмұхамедовтер Комучпен де жүргізді. Осы келіссөздердің нәтижесінде олар Самарадағы Комуч үкіметінен едәуір көлемдегі қару-жарақ алды. 1919 жылы ақпан айында Ә.Бөкейхан қызыл армияға қарсы бірігіп соғысу мақсатында Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізді. А.Байтұрсынұлының ұсынысымен 1919 жылдың екінші жартысында Қазревком мен Батыс Алашорда арасында келіссөздер жүргізу мәселесі қаралды. Осы жылдың желтоқсан айында Қазревком өкілдері Жанша және Халел Досмұхамедовтермен келіссөздер жүргізуге барды. Бұл келіссөздер барысында Алашорда жағы Қазревком тарапынан қойылган ұсыныстарға нақты жауап айтпағанын байқаймыз.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Келіссөздер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}