Кахексия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кахексия<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>(грекше kakos – нашар, жаман және hexіs – жағдай) – адамның қатты арықтап, жүдеуі; біртіндеп семуі.

Пайда болуы

Аштықтан, витамин жетіспеушіліктен (бери-бери, цинга, пеллагра, мешел, тағы басқа аурулардан), қатерлі ісіктен , созылмалы, жұқпалы аурулардан (туберкулез, безгек, мерез, тағы басқа), бауыр циррозынан, организмнің күшәла, қорғасын, сынап, фтор, тағы басқа улы заттармен улануынан, ішкі секреция бездері ауруының асқынуынан болады.

Аурудың клиникалық белгісі

Организмде май мөлшері азаяды, кейде май қабаттары мүлдем жойылады. Май клетчаткалары ылғалданып, кілкілдек, қоймалжың түрге айналады. Мұны серозды сему (атрофия) деп атайды. Сондай-ақ, адамның бұлшық еттері босап, көзі шүңірейіп, сүйек остеопорозы (сүйек тіндерінің ыдырауы) басталады. Шашы құрғап, түсе бастайды, тырнақтары сынғыш келеді, тістері босап, түседі. Тері құрғап, ақшыл тартады, денеге қызыл түсті бөртпелер мен шиқан шығады. Кахексия кезінде гипотония (қан қысымы төмендеуі), қан аздық айқын байқалып, науқас әлсірейді. Кахексияні емдеу үшін ең алдымен организмде метаболизм (зат алмасу) процесінің дұрыс жүруін қадағалау керек. Кахексияның қандай аурудан пайда болғанын анықтап, соған байланысты ем қолданылады

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кахексия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}