Мешел

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мешел. қазіргі түсінігімізде — сүйектердің дұрыс өспеуіне байланысты ауру; рахит. Үлгі:Дәйексөз (Б. Соқпақбаев, Бастан кеш.).


Сөз төркінін іздестіре келгенде түркі тілдері ішінен тек чуваш тілінен ғана кездестіре аламыз. Мұның өзі де заңды. Өйткені С. Е. Маловтың топтастыруынша чуваш, якут тілдері түркі тілдері ішіндёгі ең көнелері болып саналады. Чуваш тілінде «мешел» тұлғасындағы сөз «қозғала алмау» немесе «баяу, жай қозғалу» мағыналарын береді. Шықында да, жоғарыда керсетілген ауруға ұшыраған адамның қозғалысы, қимылы аз болатындығын ескерсек, «мешел» сәзінің төркіні — чуваш тілі деу орынды болмақ.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Мешел рахит (rhachіtіs) – сәбилер мен жас балаларда кездесетін ауру. Оған бала 2 айлығынан 2 жасқа дейін, әсіресе анасының емшек сүтін ембеген жағдайда жиірек шалдығады. Бұл ауру негізінен кальций, фосфор, Д витаминінің (эргокальцийферол), минерал тұздарының жетіспеуінен және организмде зат алмасудың бұзылуынан болады. Бұл заттар организмде сәбидің қаңқа сүйектерінің дұрыс қалыптаспауына және жүйке жүйесінің қызметіне әсер етеді. Д витаминінің негізгі көздері емшек сүті, сары түсті көкөністер және олардың шырыны, балық майы, т.б. Адам организмінде, терісінде Д витамині күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен түзіледі. Мешел сәби тершең келеді, басын жастыққа үйкелеп мазасызданып жылай береді. өйқысы қашады. Бұлшық еттері босап, бала дәрменсіз болады. Бас сүйектері жұмсарып, еңбегі үлкейеді. Мезгілінде аяғына тұрып, жүре бастаудан кешігеді. Көбіне екі қолымен жер тіреп отырып қалғандықтан, қол жіліктері қисаяды. Жүре бастаған кезде аяқтары да қисаяды. Қабырғалары жұмсарып, олардың шеміршектері жуандап, кеудесінде бұдыр-бұдыр болып білінеді. Ауру асқынған кезде төс сүйегі алға бүкірленіп шығып тұрады немесе керісінше ішке қарай майысады. Басы үлкейіп, шүйде шашы сыпырылып, іші “қабақтай” болып, омыртқа жотасы бүкірейіп, екі иығынан дем алып, тыныс алуы қиындайды. Аурудың алдын алуда ең қажетті шарт: баланы 1 – 2 жасқа жеткенше, әсіресе, 6 айға дейін міндетті түрде емізу қажет. Сары түсті көкөністердің, жемістердің (сәбіз, асқабақ, сары өрік, т.б.) шырынын беру. Осы өнімдерді емшектегі сәбиі бар аналар да кеңінен пайдаланғаны жөн. Баланы таза ауаға жиі шығару қажет. Д витамині педиатрдың кеңесімен беріледі. Қисайған сүйекке ортопедиялық ем қолданылады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мешел|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}