Кардис бітім шарты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кардис бітім шарты - 1661 жылы 21 маусымда (кей жерлерде 1 шілдеде) Ресей мен Швеция арасында Дерпт (Тарту) маңындағы Кардис қаласында жасалған шарт. 1656-58 жылғы орыс-швед соғысын "мәңгілік бітіммен" аяқтаған келісім. Швед делегациясын Бенгт Горн, орыстар жағын И.С.Прозоровский басқарды. 1654-67 жылы орыс - поляк соғысында орыс әскерлерінің 1659-62 жылдары жеңілуі және Польша мен Швеция арасында 1660 жылы Олива бітім шартының жасалуы Ресейді қолайсыз жағдайға душар етті. Швециямен, Польшамен қатарынан соғыс жүргізуге шамасы келмеген орыс үкіметі 1661 жылы Кардис бітім шартына келісуге мәжбүр болды. 1658 жылғы Валиесар уақытша бітім шарты бойынша Ресейге қараған Эстляндия мен Лифляндия қалаларын Швецияға қайтарып берді. Орыстар үшін Стокгольм, Рига, Ревела және Нарва қалаларында, ал шведтер Мәскеу, Новгород, Псков және Переславл қалаларында сауда жасауға рұқсат етілді. Орыстар мен шведтер одақтас шекараларынан жеңіл өте алды. 1617 жылғы Столбово шарты бойынша белгіленген шекара қалпына келтірілді. Бұл шарт Укриана мен Белоруссия үшін Польшамен соғысты соза түсу жағдайын жеңілдетті. Швеция Польшаға көмек көрсетпеуге міндеттенді.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 жыл, 5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:References