Камила Мақсұтқызы Байболсынова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Камила Мақсұтқызы Байболсынова (18. 3. 1928 жылы туған, Семей қаласы ) — тіл білімі маманы, филология ғылым кандидаты (1977). ҚазМҰУ филология факультеті логика мен психология бөлімін бітірген (1952). Алматы педагогикалық шеттілдер институтының кешкі бөлімінде ағылшын тілі мамандығын алған (1967). 1953—1957 Алматыдағы N 24 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі. 1957 жылдан бастап осы күнге дейін ҚазМӘТУ-дің орыс және жаппы тіл білімі кафедрасында орыс және латын тілдерінің оқытушысы. 1980—1985 жылдары Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық шет тілдер институтында, классикалық тілдер кафедрасында латын мамандығы бойынша білім жетілдіру курсының тыңдаушысы. Профессор М. М. Копыленконың жетекшілігімен орыс және қазақ тілдерінің фонологиялық жүйелері сапыстыру мәселелері туралы кандидаттық диссертация қорғады (1977). Қазір лексикалық интерферанция проблемапарымен шұғылданып жүр.

Шығармалары:

  • Опыт сопоставителъного анализа фонологических систем русского и казахского языков (в связи с проблемами фонетической интерференции при казахско-русском билингвизме). АКД., А., 1973.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}