Исрайыл Ақылбайұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Исрайыл Ақылбайұлы (1895-1959) — Абайдың немересі, педагог, күйші. Ол домбырада ойнап, ән салған. Талай рет көркемөнерпаздар байқауының жүлдегері атанған. Исрайыл Жидебайдағы Абай музей- үйінде қызмет істеп, онда домбыра оркестрін құрып, көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Ол бізге Абайдың «Май түні» деген күйін жеткізді. 1940 ж. «Жаңа ауыл» газетінде «Абай және ән-күй» деген мақаласы жарияланды. Исрайылдың фото-суреттері, грамоталары музей қорында сақтаулы.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>