Жаңа ауыл
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жаңа ауыл (қазіргі «Семей таңы») - газет, Семей губерниялық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары губерниялық Советінің органы. 1928 жылдан шыға бастаған. <ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Газет 1940-1954 ж. Абайдың дүниетанымы мен қоғамдық қызметін ашып көрсету мақсатыңда бірқатар материалдар жариялады. Ә.Қасымбековтың «Абайдың ғылымды іздеуі» (1940, 11 қыркүйек), «Абайдың ұстаздық қызметі» (1940, 20 қыркүйек) және Толқынның «Абай және еңбек» (1940,25 қаңтар) деген мақапаларында Абайдың жас ұрпақты ғылым-білімге, еңбекке үндейтін өлеңдері сөз болады. С.Сейтхазиннің «Абай өлеңді қалай бағалады?» (1940,13 қазан), Исраилдің (Ақылбаевтың) «Абай және ән-күй» (1940, 20 қазан) атты материалдары ақынның өлең-жыр. Өнер туралы ойларын тұжырымдауға арналған. Зерттеуші ақындар Қ.Бекхожиннің «Абай-гуманист» (1954, 19 тамыз), О.Бекбосыновтың «Абай оқуға, білімге үндеген ақын» (1954, 26 тамыз) мақалаларында және «Біздің Абай» атты редакциялық материалда (1954, 5 қыркүйек) Абайдың әлеуметтік қызметі мен көзқарастарын зерттеу одан әрі тереңдей тұскен.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаңа ауыл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}