Ислам Әлмаханұлы Әбішев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ислам Әлмаханұлы Әбішев (12 мамыр 1956, Құтша ауылы, Шыназ ауданы, Ташкент облысы, Өзбек КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны
Ислам Әлмаханұлы 1956 жылы 12 мамырда Өзбек КСР, Ташкент облысы, Шыназ ауданы, Құтша ауылында дүниеге келген. Тегі қазақ.
1978 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша бітірген, инженер-электрик. 1978-1980 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етті.
Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті (2017-2019).
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1972 жылы кеңшарда механизатор болып бастады.
1980-1981 жылдары — Өзбекстанның «Кибернетика» ғылыми-өндірістік бірлестігі Кибернетика институтының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
1982-1983 жылдары — ҚЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарды.
1983-1992 жылдары — кеңшар партия комитетінің хатшысы; кеңшар директоры болып еңбектенді.
1992-1994 жылдары — Шардара аудандық электр желілері кәсіпорны директорының орынбасары болды.
1994-1997 жылдары — «Мақсат» ЖФ және «Абай» ЖФ директоры болып жұмыс істеді.
1997-1999 жылдары — «Тұран» ЖҮАҚ және «Батсу-Энергосбыт» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
1999-2000 жылдары — «Батсу Корпорациясы» қауымдастығының президенті болып еңбек етті.
2000 жылдың қарашасынан 2002 жылдың қыркүйегіне дейін — Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың қаңтарына дейін — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2003 жылдың қаңтарынан 2009 жылдың наурызына дейін — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары міндетін атқарды.
2009 жылдың наурызынан 2012 жылдың ақпанына дейін — Өскемен қаласының әкімі болып еңбек етті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2012 жылдың ақпанынан 2013 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы болды.
2013-2014 жылдары — «Батсу Корпорациясы» қауымдастығының президенті болып жұмыс істеді.
2014 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2019 жылдың 15 наурызында Ислам Әбішев Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен уақытша шеттетіліп, 2019 жылдың 16 наурызында қамауға алынды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2020 жылы 18 ақпанда Ислам Әбішев Соколовский су құбырын қайта жаңартуға бопсалау арқылы келісім жасасқаны үшін 60 миллион теңгеден астам сомаға пара алуға әрекеттенгеніне (ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігі) байланысты кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Марапаттары
- 1998 — «Астана» медалі
- 2006 — «Құрмет» ордені
- 2008 — «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі
- 2010 — «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісі<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2010 — «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
- 2011 — «Парасат» ордені
- 2018 — ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені
- Мемлекеттік мерейтойлық медалдары
- 2001 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
- 2004 — «Тыңға 50 жыл» медалі
- 2005 — «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі
- 2006 — «Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл» медалі
- 2011 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
Оңтүстік Қазақстан облысы менен Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.