Исатай-Махамбет сәулеттік мемориалды кешені
Үлгі:Монумент Исатай-Махамбет сәулеттік мемориалды кешені – Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.
Орналасқан жері
Атырау қаласы, Қ. Сәтпаев пен И. Тайманов даңғылдарының қиылысы.
Кезеңі, авторы
Кешен 1995 жылы салынған, авторлары – суретші-мүсіншілер Б. Тайталиев, А. Бекешев, Е. Сергебаев және С. Бөкебай, ескерткіш авторы - Б. Әбішев.
Тарихи деректер
Мемориалды кешен халық ақыны және ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Махамбет Өтемісұлының туғанына 200-жыл толуына орай тұрғызылып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуымен салтанатты түрде ашылды.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Кешен символикалық түрде қаланың екі рухани орталықтары - Иманғали орталық мешіті мен Қасиетті Успения шіркеуінің арасында орналасқан. Айналасындағы заманауи тұрғын үйлермен бірге Исатай-Махамбет мемориалды кешені – тек қана өзгеше сәулеттік ансамбль емес, сонымен қатар қаланың "жүрегі".
Кешен 5 га ауданды алып жатыр және үш бөліктен тұрады: Махамбет пен Исатай ескерткіші, Ақжол аллеясы және кішігірім ландшафтты саябақ.
Исатай мен Махамбеттің ескерткіші – алып екі мүсінді және атты қола композиция. Салт аттылардың 5 м-лік мүсіндері 2 м-лі гранит тұғырда орнатылған.
Зәулім жартышар пішіндегі "Қорған" мүсінді композицияның негізі және далалық ландшафтты бейнелейді. "Қорғанның" бетінде Махамбет пен Исатайдың өз халқымен ажырамастығының белгісі ретінде "Еділ-Жайық" барельефі орнатылған.
"Қорғаннан" ашық түсті тақташалармен жабылған Ақжол аллеясы басталады және әдемі субұрқақпен аяқталады.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>