Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев (17 шілде 1947, Ақтөбе - 18 қаңтар 2017, Алматы) — суретші, мүсінші. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі.
Өмірбаяны
- Алматы орта мектебінің 10 жылдық сыныбын және Алматы Гоголь атындағы сурет училищесін 1969 жылы аяқтағаннан соң, Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтына оқуға түсті.
Шығармашылығы
- 1971 ж. Мәскеу қаласында жас суретшілердің «Шетел әдебиетінің кітапханасы» көрмесінен бастады. Содан бері республикалық, бүкілодақтық көрмелердің тұрақты қатысушысы.
- 1975 ж. бастап, республиканың қайраткерлері: Жасыбай, М. Әуезов, Әл-Фараби, Берсиев және т.б бейнелері сомдалды.
- Сонымен қатар республикадағы монументальды жұмыстардың авторы:
- Тоқаш Бокин ескерткіші (Алматы қаласы)
- Ұлы Отан соғыстарының құрбандарына қойылған
- «Әлия
- Мәншүк»
- «Қаныш Сәтпаев»
- «Ауған соғысының құрбандарына» қойылған ескерткіштердің жобасына қатысушы және т.б.
- Алматы қаласындағы қоғам қайраткерлерінің аллеясындағы
- Әл-Фараби
- Махамбет
- К. Байсейітова
- Алматы қаласындағы Жамбыл ескерткіші
- Бұқар жырау ескерткіші
- Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ескерткіші
- Павлодар облысы Баянауыл ауылындағы С. Торайғыров ескерткіші
- Ақтөбе облысындағы Әлия Молдағұлова ескерткіші.
- Республиканың қалаларындағы мұражайларында сондай-ақ шет елде станоктік сипаттағы жұмыстар орналасқан.
- «Олимпиядашыл» атты еңбегі Швейцариядағы Лозаннада олимпиада комитетінің штаб пәтер мұражайында
- «Күйші» Алманиядағы жеке жиынтығында
- «Томирис» Мәскеуде орналасқан.
- Оның жұмыстарының жекелеген даналары ҚР Президентінің резиденциясында қойылған.
- ҚР мемлекеттік сыйлығы авторы
- ҚР Президентінің әлемдік рухани келісім сыйлығы белгілерінің авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты.
- Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері.
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Шәмшігүл Мырзабекқызы Меңдиярова (1947 жылы туған ), М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының Еңбек сіңірген актрисасы.
- Ұлы - Еркін (1978 жылы туған);
- қызы - Санди (1980 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}