Интернет-кафе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:VTBS-Internet Cafe.JPG
Интернет-кафе

Интернет-кафеинтернетке шығуды қамтамасыз ететін қоғамдық орын болып табылады. Әдетте интернет-кафелерде тамақ ішіп, кофе татып (немесе басқа көптеген сусындарды) жай әңгімелесуге болады. Кейбір орындарда интернетке шығу тегін жүргізіліп, жай кіру ақысының мөлшеріне қосылады. Интернет-кафе әдетте үйлерінде интернетке тікелей шығу мүмкіншілігі жоқ немесе өзге қалада болып, үйлеріне хат жазғысы келетін адамдарға өте ыңғайлы. Интернет-кафе, кейбіреулердің айтуы бойынша, кофейня кәсібін дамыту мақсатында ашылған орын болып табылады. Кофейнялар әрқашанда ақпаратпен алмасу, газеттер оқу немесе хаттар жазу орны болып табылған.

2000-2003 жылдары Мәскеу мен оның аймақтарында интернет-кафе бойынша буммен байланысты еді. Осы уақытта пошта бөлімшелерінде Интернетке тікелей шығу мүмкіндігін жүзеге асыратын федералдық бағдарлама жарияланады. Қазіргі таңда интернет-кафелердің өсуі тек аймақтарда болып жатыр. Мәскеуде интернет-кафе тұтынушыларды кофе ішетін орындар ретінде тартуы өте аз қолданылады. Бұның бір себебі ретінде Wi-Fi байланыс болып табылады. Елдегі жағдайдың өсуіне қарамастан, тіпті астаналық студенттердің өздері де жеке ноутбук пен ең жақын деген хот-стопқа интернет-кафені таңдайды <ref name="source1">http://www.connectcafe.ru/</ref>.

Интернет-кафе - бұл жай ғана бизнес емес, ол адамның қажетіліктерінің, технологиялар мен өнерін бір ортақ затқа біріктіретін жер болып табылады. Дәл осы жерде көптеген бөлек қызметтерді бірден пайдалануға болады. Интернет-кафеде жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Интернет-кафеде тек демалу орны емес, интернетке байланысы бар іскерлік мақсаттағы кездесулерді, жай әңгімелесу үшін жиналатын таптырмас орын болып табылады. Зерттеу жүргізе отырып, тек 100% адамның 45%-да үйінде интернетке шығу мүмкіндігі бар екенін анықталды, сондықтан қаншама адамның интернет-кафелерді пайдаланылатынын білу оңай<ref name="source1">http://ru.wikipedia.org</ref>.

Интернет-кафедегі жұмыс

Сурет:Internet cafe golden princess.jpg
Қазіргі заманғы интернет-кафе
Сурет:Easy Internet Cafe NYC (126121730).jpg
Нью-Йорк қаласындағы интернет-кафе

Интернет – қазіргі таңда кез-келген адамның өмірінің және жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, үйден тыс жерде де, тыныштық атмосферасында жұмыс істеу де тек жақсы әсер қалдырады. Интернет-кафеде жұмыс істеу ең жоғарғы бағаланатын жұмыстардың бірі бюолып табылады. Интернет-клубтарды басқару қиын болып келеді, соныдықтан онда жұмыс істеу үшін персоалдан толық берілу мен жұмысқа қабылдаудың негізгі шарты болып IT маманының білімі талап етіледі. Интернет-кафедегі жұмыс, сонымен қатар, үлкен ұйымдарға алмайтын жас мамандарға жақсы практика ретінде бола алады. Дегенмен, интернет-кафеде жұмыс істеуге қажетті барлық құрал-жабдықтармен: жылдам, қымбат емес, байланыстағы интернетпен, веб-камерасы бар компьютерлермен, микрофон мен наушниктер, лицензиясы бар бағдарламалық қамсыздандырылу, Wi-Fi бойынша байланыспен қамтамасыз етілген.

Әдетте, интернет-кафелерде бірнеше залдар болады, сондықтан әлемнің кез-келген түкпірінен плазмалық панель арқылы конференция жүргізуге болады. Сонымен қоса, интернет-кафедегі жұмыс тәулік бойы болуы мүмкін. Көптеген интернет-кафелер тәулік бойғы режимде демалыссыз және үздіксіз жұмыс істейді. Сондықтан, штат 2 компьютерге 1 қызметкер деп жиналады. Былайша алғанда, 1 кезекте шамамен 10 адам мен персонал басқарушысы болады.

Интернет-кафедегі жұмыс бір жағынан оңай болып көрінуі мүмкін, дегенмен бұл тек сыртқы көзбен қарағанда. Негізінде, олар күніне қаншама мәселелерді шешіп отырады: тұтынушылар қажет емес жерлерге, бағдарламаларға кіреді, оларды өшіріп тастайды,компьютерлер жөнді істемейді, желі де дұрыс ұстамайды және т.б. сондықтан, бұл жұмысқа күйзеліске төзімді, спайы, шыдамды тұлғалардың болғаны дұрыс.

Иә, интернет-кафе әр түрлі жастағы адамдарға жұмыс береді, дегенмен онда көбінесе студенттер қызмет атқарады. Олар персоналдың негізгі бөлігін құрайды және интернет-кафеге келетін адамдармен байланыста болады. Сондықтан, жұмысқа алушылар әдетте тұрақты емес графикті ұстанады. Бұл тек қызметкерді жұмысқа алмай тұрғанында болады. Жұмыс беруші тұлға оқуды өз қаражатынан төлеп, оларға белгілі бір сынақ мерзімін береді, оның бітуімен қызметкерді штатқа қосады немесе жұмыстан шығарады. Мұный барлығы кадрлар мөлшерін минимумға келтіру үшін жасалады, ол интернет-кафенің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, басшылар кадрларды өте мұқият етіп, тексеріп барып қабылдайды<ref name="source1">http://onlineprofit.ru</ref>.

Дереккөздер

<references/>