Илья Лукич Ким

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Илья Лукич Ким (1912 жыл, Приморье өлкесінің Уссурий облысы Суйфун ауданы, Корсаковка селосы - қайтыс болған жылы белгісіз) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы (1969), профессор (1969).

Ленинград қаржы-экономикалық институтын бітірді. (1937). Ким 1937-1941 ж. Оңтүстік Қазақстан облысының Өнеркәсіп банкісінің кредит инспекторы, аға кредит иснпекторы, басқарушының орынбасары, 1941-1951 ж, Ақтөбе облысы Өнеркәсіп банкі басқарушысының орынбасары, басқарушысы, 1951-1952 ж. Қазақтың Республикалық Коммуналдық банкісінің басқарушысы, 1952 жылдан Қазақ КСР қаржы министрінің бірінші орынбасары, 1961 жылдан Қазақ КСР қаржы министрі. 1974 жылдан Алматы халық шаруашылық институтының кафедра меңгерушісі. Оның ғылыми жұмысы қаржы мен мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын, дамуын және нығаюын, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруды зерттеуге арналған. Кимнің бұл салада 40- тан астам ғылыми еңбектері бар. Ол Қазақстан Коммунистік партиясының 11-12 съездерінде Қазақстан КП ОК-нің мүшесі болып сайланды, 6-8 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Ленин Ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені және бірнеше медальдармен марапатталған<ref>.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев,424 бет</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер