Игілік Қожыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Игілік Қожыбаев (1927-2003, Атырау облысы). ФЗО мектебін (1943), Атырау политехникумын (1949), Мәскеу мұнай институтын (1962) бітірген. Таңатар, Досмұхамбет, Прорва кенорындарын тұңғыш ашушы. 1944-1954 жылдары - Мақат МАБ мұнай өндіру операторы. 1954-1958 жылдары - «Қазмұнайгазбарлау» тресі Қасқырбұлақ, Тақырбұлақ, Қызылқұдық, Даңғар және Таңатар мұнай барлау партияларында техник, аға геолог. 1958-1966 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігінің ірілендірілген Комсомол мұнай кәсіпшілігі мен Прорва бұрғылау кеңсесінде бас геолог. 1966-1968 жылдары - «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресі партия комитетінің хатшысы. 1968-1976 жылдары-Жаңаөзен аудандық партия комитетінің хатшысы, Ералы аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1976-1988 жылдары - Балықшы барлау бұрғылау басқармасында бас геолог, бастықтың орынбасары. Үш кітаптың авторы: «Мұнайлы Ембі - Қарашіңгілден Теңізге дейін», «Өмір жолы - өнеге», «Тасыған тасқын».<ref>Қазақстанныңмұнайэнциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдыққоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Игілік Қожыбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}