Қазмұнайгазбарлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазмүнайгазбарлау - мұнай және газ бойынша Қазақ Өндірістік геологиялық басқармасы. 1972 жылы Гурьев (Атырау) қаласында Қазақ КСР Геология жәнежер қойнауын қорғау министрлігінің мұнай мен газға геологиялық іздеу және барлау жұмыстарын жургізетін мекемелері негізінде аймақтық өндірістік-басқару бөлімшесі ретінде құрылды. Басқарма құрамына Ақтөбе, Гурьев (Атырау), Маңғыстау, Орал, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бұрғылау кәсіпорындары (трестер мен мұнай барлау экспедициялары), "Қазақстанмұнайгеофизика" және "Қазгеофизтрест" т.б трестердің далалық және геофизикалық экспедициялары кірді. Басқарма бүкіл республика аумағы бойынша мұнай мен газга деген геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Басқарма жұмыс істеген уақыт ішінде оның өндірістік бөлімшелері тарапынан Бозащы түбегінің мұнай-газ кен орындары ашылды, Каспий маңы ойысының тұзасты түзілімдерінің мұнайгаздылығы алғаш рет анықталды, сөйтіп Батыс Теплов, Кеңқияқ, Қарашығанақ, Жаңажол т.с.с. кеңінен танымал кен орындар, сол сияқты тұзүсті түзілімдеріндегі көптеген кен орындар ашылды. 1980 жылы Басқарма "Қазмұнайгазгеология" Өндірістік-геологиялық бірлестігі болып қайтадан құрылды, ал ол, өз кезегінде, 1981 жылы қайтадан таратылып, оның құрамынан бірнеше жаңа өндірістік-геологиялық бірлестіктер бөлініп шықты (қ. "Қазмұнайгазгеология").<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}