Иван Шуховтың мұражай үйі
Үлгі:Ғимарат Иван Шуховтың мұражай үйі – Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы.
Тарихи деректер, қоры
ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кеңес жазушысы И. Шухов (1906-1977) атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы оның 1942 жылы салынған үйінде 1981 жылы қаланды.
Мұражай-үйдің ауданы 117,1 шаршы метр болатын мансардасы бар бір қабатты құрылыс болып табылады. Мұражайдың жалпы экспозициясы төрт залдан тұрады және И. П. Шуховтың әдеби мұрасы, көркем шығармашылығы, мемлекеттік қызметі және өмірлік жолы негізінде құрылған. Бірінші зал 1752 жылы қорғаныс бекінісі және Преснов станицасы ретінде негізделген Пресновка ауылының тарихына арналған. Екінші зал Кеңес өкіметінің қалыптасуы кезіндегі өлкенің тарихын баяндайды. Үшінші залда Ұлы Отан соғысы жылдары көрсетілген. Төртінші зал өлкеде тың және тыңайған жерлерді игеруге арналған.
Мұражайда жазушының жұмыс кабинеті қайта жасалынды. Экспонаттардың жалпы саны 3867 бірлікті құрайды, олардың негізінде - фотоматериалдар, газеттер, хаттар, И. П. Шуховтың жеке кітапханасынан алынған кітаптар, жеке заттары бар. Жыл сайын мұражай қызметкерлері жергілікті ақындар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Шухов оқуларын өткізеді.
2006 жылы мекен аумағында жазушыға ескерткіш орнатылған. И. П. Шуховтың ең танымал шығармалары «Табысты жер», жолжазба очерктер «Американың күндері мен түндері», «Югославиялық күнделік», «Туған ел және жат жер» жинақтары, «Преснов жазбалары» топтамалары, оған: «Ашық алаңдағы шөп», «Жылтылдаған сағым», «Котур-Таганың соңғы әні», «Нысананы таңдау», «Қыз бұрымы туралы әңгіме» және т.б. повестері кірді.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>