Иван Петрович Шухов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шухов Иван Петрович (31.7. 1906, Солтүстік Қазақстан облысы Пресновка ауданы Пресновка а. – 30.4.1977, Алматы) – орыс жазушысы.
Омбы жұмысшы ф-тін бітірген (1926), Мәскеудегі Әдебиет ин-тында оқыған (1927). 1928 – 34 жылы “Рабочий путь” (Омбы), “Красная Башкирия” (Уфа), “Волжская коммуна” (Самара), “Советская Сибирь” (Новосибирск), “Сельскохозяйственный работник” (Мәскеу) газеттерінде әдеби қызметкер, 1934 – 37 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Пресновка ауданы “Ударник” газетінің редакторы, 1963 – 74 жылы “Литературный Казахстан” альманахының (қазіргі “Простор”) бас редакторы болды. Шығармалары 1926 жылдан жариялана бастады. “Өшпенділік” романында (1931) әлеум., саяси-экон., адамгершілік мәселелері көтеріліп, орыс халқы мен қазақ халқының жаңа заман орнату жолындағы еңбегі, халықтар достығы, ескінің тозып, жаңаның озуы шынайы баяндалады. “Қасірет белдеуі” романы (1931) қазақ, орыс халықтарының Қазан төңкерісінен кейінгі өмірін суреттеуге арналған. Шухов шығарм-на А.М. Горький жоғары баға берген, жазушының қазақтар өмірінен тым қатал әрі нанымды етіп суреттегеніне баса назар аударған. (Горький. Шығ. жинағы, 1967, 30-т., 223-б.). Солтүстік Қазақстандағы ұжымдастыру тақырыбы “Отан” романында (1936) жалғасын тапқан. “Майдандағы армия” романында (1-бөл., 1940) көтерілген тарихи оқиғалар 1-дүниежүз. соғыспен, Қазан төңкерісі, Азамат соғысымен байланысты. Шуховтың әр кезеңдерде “Алтын алқап” кітабы (1957), “Американың күндері мен түндері” (1960), “Югославия күнделігі” (1963), т.б. очерктер жинағы, “Туған ел және жат жер” деген прозалық топтамасы (1968), “Қара шеңбер” әңгімелер жинағы (1932), “Қазақстан желі өтінде” очерктер жинағы (1931), “Көмескі ой” пеьсасы (1933), т.б. жарық көрген. Көркем аударма саласында еңбек етіп, С.Мұқановтың “Ботагөз”, “Өмір мектебі” романдарын, М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің, Ә.Әбішевтің бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударды. Шуховтың көптеген туындылары КСРО және шет ел тілдерінде басылды. “Өшпенділік” (1935), “Қасірет белдеуі” (1972) романдары қазақ тілінде жарық көрген. Шухов Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйл. иегері (1977). 2 рет “Халықтар достығы” және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Солтүстік Қазақстан облысы орталығы Петропавл қаласында Шуховқа мұражай-үй ашылған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}