Иван Акимович Костенко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Акимович Костенко (1892 – 27.7.1934) – Қарағанды көмір бассейнін игеруді ұйымдастырушылардың бірі. Мәскеу өнеркәсіп академиясын бітірген (1932). 14 жасынан Донбасс (Украина) шахталарында шанашы, ат айдаушы, тіреуші, десятник болып жұмыс істеді. 1918 – 20 ж. бронепоезд командирі болып, Донбасты қорғауға қатысты, 1920 – 28 ж. партиялық, мемлекеттік қызметте болды. 1931 – 33 ж. Донбаста көмір тресі басқарушысының орынбасары қызметін атқарды. 1933 – 34 ж. “Қарағандыкөмір” тресінің басқарушысы болды. Қарағандының жаңа тұрғын аймағы – Жаңа қала құрылысын салуды ұйымдастыруға, ғғ 30, 31, 33/34 тік шахталары мен ғ20 көлбеу шахтасын тұрғызуға, бассейнде көмір өндірудің жаңа жүйелері мен технологиясын енгізуге қатысты. Авиаапаттан қайтыс болды. Костенко есімімен Қарағандыда көше, шахта аталады.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иван Акимович Костенко|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}