Ибраимова Рақыш Әбдуәлиқызы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ибраимова Рақыш Әбдуәлиқызы1943 жылы 16 мамырда Талдықорған облысы, Көксу ауданы Алғабас колхозында дүниеге келген. 1962-1967 жылдары Алматыдағы мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірген <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1967—1971 жылдары Алматыдағы №97 мектепте қазақ тілінен мүғалім болып істеді.

1971—2001 жылдары республикалық "Мектеп" баспасында редактор, жетекші редактор болып қызмет істеп, көптеген окулықтарға редактор болды. Сонымен қатар қазақша-орысша, орысша-қазақша "Мәдениет және өнер", "Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет" терминологиялық сөздіктерін шығаруға атсалысты.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала