Зорманкөл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Зорманкөл – Теңіз-Қорғалжын ойысының шығысында орналасқан көл.
Географиялық орны
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кеңбидайық ауылының оңтүстік-шығысындағы көл. Нұра өзені алабында.
Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 348 м биіктікте. Аумағы 4,13 км2, ұзындығы 3,7 км, енді жері 2 км. Жағалауының ұзындығы 9,1 км. Орташа тереңдігі 0,7 м. Жағалауы жайпақ келген. Суы негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жағасында қамыс, құрақ өседі.