Злиха Есжанқызы Иманғалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Злиха Есжанқызы Иманғалиева (1947 ж. т., Атырау қаласы) – тау-кен инженері. Грозный мұнай инcтитутын (1972), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1981) бітірген. 1963 – 67 ж. Қаратон мұнай өндіру басқармасында мұнай өндіруші оператор, 1972 – 75 ж. «Өзен мұнай-газ өндіру» басқармасында мастер, аға инженер, ауданы инженер-технология қызметі бастығының орынбасары, 1975 – 79 ж. Жаңаөзен қалалық атқару комитетті төрағасы, 1981 – 88 ж. Маңғыстау облысы атқару комитетті төрағасының орынбасары. 1988 – 90 ж. Атырау облысы атқару комитетті төрағасының орынбасары, 1990 – 95 ж. Маңғыстау облысы атқару комитетті төрағасының орынбасары болды. 1995 – 2002 ж. «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясында, 2002 – 07 ж. Ембімұнайгаздың «Жігер» мұнай кәсіпшілігінде бөлім бастығы қызметтерін атқарды. «Мұнайдың 100 жылдығы» (1999), «Өзен кен орнының 40 жылдығы» (2005), «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Злиха Есжанқызы Иманғалиева|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}