Зияда Бекетова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Зияда Бекетова – (1941 жылы Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Жана ауылы) — диктор. Қыздар педагогикалық институтын бітірген. Бүкілодактық радионың мамандық жетілдіру курсын бітірген (1973). 1967-98 жылдары Қазақ радиосында жоғары санатты диктор болды. Атақты диктор Ә.Байжанбаевтың шәкірті, дикторлар жетекшісі, көрнекті диктор Мәмбет Сержановтың зайыбы. 1961 жылы Қазақ теледидарының жаңадан ашылған балалар хабарына жиі қатысып жүрді. Қазақстан ұлттык телеарнасы деректі фильмдерінің мәтіндерін оқыды. Қазақ радиосының "Алтын қорында" З.Бекетованың оқуында көптеген әдеби-музыкалық хабарлар сақталған. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала