Зильбер Александр Александрович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зильбер Александр Александрович(13.3.1899, Псков – 29.4.1970, Мәскеу) – композитор.

1929 Санкт-Петербург консерваториясын бітірген
1932 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1940 жылға дейін Алматыда тұрды.

М.Әуезовтің либреттосы бойынша “Бекет” операсын, жеке дауыс пен фортепьяноға арнап әндер (“Ахау, бикем, жар-жар”, “Секіртпелі семсем”, “Жиырма бес”, т.б.) жазды, қазақтың халық әндерін хорға лайықтап нотаға түсірді. 4 бөлімді “Жаңарған Қазақстан” атты симфонияның авторы. 1942 – 44 жылы Таулы Алтай облысы ұлттық театрының музыкалық бөлімін басқарды. 1944 жылдан ғұмырының соңына дейін Мәскеуде тұрған.

1935 “Жиль Блаз”,
1946“Василий Темный”,
1954“Капитан Гастелло” т.б. опералары бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}