Зийа Әл-Құлұб

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Зийа Әл-Құлұб <ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref> (араб. KҒ¦љ¦ABөѓ) – Мұхаммед Аваз Самарқандидің 17 ғасырдың бас кезінде парсы тілінде жазған шығармасы.

Шейх Қожа Исхақтың өмірі жайлы автор жеке өзінің білетіндеріне, шейһтың жақын достары мен жолын қуушылардың айтуына сүйеніп жазған. «Зийа Әл-Құлұб» – қазақ халқының саяси тарихын суреттейтін құнды шығарма. <ref>Юдин В.П., Известия “Зийа аль-Кулуб” Мухаммед Аваза о казахах ХVҚ века, “Вестник АН КазССР”, 1996, ғ 5.</ref> Әсіресе, 16 ғасырдың 90-жылдарында қазақ ханы Тәуекелдің Бұхараға жасаған жорығы жайлы деректер мол.

«Зийа Әл-Құлұб» 16 ғасырда қазақ ақсүйектері арасында ислам дінінің таралуы жайында да бірқатар мағлұматтар келтірілген. <ref>Ворожейкина З.Н., Доисламские верования киргизов в XVҚ в. (по рукописи “Зийа аль-Кулуб”), Вопросы филологии и истории стран советского и зарубежного Востока, М., 1961</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub