Зейнолла Жарқынбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зейнолла Жарқынбаев (1914 ж. т., қазіргі Жалағаш аудандығы Мырзабай ахун а.) – қайраткер, журналист. Қазақстан коммунистік журналистік институтын бітірісімен, облыстық «Ленин жолы» газетінде жауапты хатшы болған. 1940 – 44 ж. Қазалы, Сырдария аудандығы партия к-ттерінде хатшы, 1945 – 48 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі болып, Мәскеудегі Жоғары партия мектебінде оқыды. 1948 – 56 ж. «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының бірінші орынбасары, Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облысы партия к-тінде хатшы, «Ленин жолы» газетінде бас редактор, 1962 – 90 ж. Қызылорда облысы атқару к-ті төрағасының орынбасары, облысы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы қызметтерін атқарды. Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зейнолла Жарқынбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}