Захабийа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЗАХАБИЙА - кейінгі парсы әдебиеттеріндегі кубра увийа бауырластығының жалпы атауы. 3ахабийа тарихы екі кезеңнен тұрады:біріншісі - құрылған күнінен бастап, бауырластықтың ең соңғы басшысы, 3ахабийаның негізін қалаушы деген жоғары мәртебеге қолын жеткізген силсилада басшылық жасауға ресми рұқсат алған Аға Мұхаммедһашим Даруиш-и Ширази қайтыс болған 1785 жылға дейінгі мерзімі; екінші кезең -XVIII ғ-дың соңынан бастап, қазіргі кезге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде 3ахабийаға Аға Мырза Абд ан-Нәби Ширази (1815 ж.ө.) басшылық етті.XIX ғ-дың екінші жартысынан бастап,3ахабийа белсенділігімен, өз идеяларын таратумен және мүшелерін жер-жерге жіберіп насихат жүргізумен ерекшелене бастады. XX ғасырдың 70-жылдары олардың саны 3 мыңға жетіп, Ширазда сондай-ақ Тегеранда орын тепті. 3ахабийа Әли б. Әбу Тәліпке сиынып, соны насихаттады. Оның бойында Пайғамбар мен «әулиенің» қасиеттері ұштасқан деп есептеді. Олар «жасырын» имамды да осы дәрежеде құрмет тұтты.Шариғатта жазылғандарды қатаң ұстау -олардың мистик, сапар барысындағы танымдарының негізі болды. 3ахабийа пікірі бойынша имамдар мен кейбір Пайғамбарлар оларға Құдай сыйлаған уилайат-и шамси немесе уилайат-и кулли, күнәлардан адал, пәк ілімнің иегерлері болып табылады. Бұл ілім оларға болмысына дейін-ақ дарыған деп пайымдалады. 3ахабийа жетекшілері өз кезегінде уилайат-и камариге немесе уилайат-и джузиге иегер. Өйткені олар «жасырын» имамға тән білімнің иесі,демек оның тәңірі атынан адамдарды шынайы жолға бастауға бірден-бір құқығы бар. Захабийа - дауыстап зікір салуды да,жеке түрде, тыныштықта іштей ұюды да жүзеге асырады. 3-ның өсиеттерінде үнсіз зікір салу барысында тәлімгердің немесе хұтбаның бейнесін еске түсіруге түзілді-кесілді тыйым салынады.Захабийа сақал өсірмейді, мұрт қоймайды, кездесу кезінде бір-біріне қол беріп амандасу қалыптасқан. 3ахабийа бойынша қайыр сұрауға және кез - келген зікірдің кезінде сезімді қозғайтын,есіртетін нәрселер пайдалануға тыйым салынады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub