Зəмзəгүл Шəріпова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Зəмзəгүл Нүсіпбайқызы Шəріпова (31 тамыз 1931 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы) — ҚазКСР халық әртісі, Құрмет Белгісі орденінің иегері<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Кызмет жолы
- 1966 жылы Қазақ КСР халық əртісі.
- 1948 жылы Алматы театр училищесін бітірді. Сол жылдан бастап Қазақфильм студиясында жəне Қазақ радиосында қызмет етті.
- 1953 жылы Қазақ драма театрының труппасына қабылданды.
Ойнаған рөлдері
- Ə.Əбішевтің "Кім менің əкем?" атты драмасындағы Лағыл
- Ақтоқты (Мүсіреповтың "Ақан сері - Ақтоқтысында")
- Айжан (Мұқановтың "Шоқан Уəлихановында")
- Дездемона (Шекспирдің "Отеллосында")
- Дəмеш (Тəжібаевтың "Көңілдестерінде")
- Нұрсұлу (Байсейітов пен Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-айы" мен "Ой, жігіттер-айында") жəне т.б.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Алматы баспасы</ref>