Жәннәтпен сүйіншіленген он сахаба

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Istanbul.Hagia Sophia017.jpg
Осман сөзінің арабша жазылуы, Стамбұл, Айя София
Сурет:Ambigram - Muhammad and Ali2.svg
Мұхаммед (оң жақта) және Әли (сол жақта) сөздерінің арабша жазылуы

Ашарату мубашшара, (арабша: العشرة المبشرون بالجنة) - көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген Мұхаммед пайғамбардың он сахабасы. Ашарату мубашшара терминологияда он сахабаға қолданылатын термин.<ref>Араб википедиясы</ref>

Олар жайлы хадисте

Мұхаммед пайғамбар хадисінде былай деген<ref>Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 31-бет.</ref>: "Мына кісілер Жәннатқа кіреді:

  1. Әбу Бәкір,
  2. Омар,
  3. Осман ибн Аффан,
  4. Әли ибн Әбу Талиб
  5. Зүбәйір ибн Әууәм,
  6. Талха ибн Ұбайдуллаһ,
  7. Сағд ибн Әбу Уаққас,
  8. Әбу Ұбайда ибн Жаррах,
  9. Абдуррахман ибн Ауф
  10. Сағид бин Зәйд <ref>رواه الترمذي في سننه عن عبد الرحمن بن عوف، رقم: 3680.</ref><ref>رواه ابن حجر العسقلاني في كتابه تخريج مشكاة المصابيح، عن عبد الرحمن بن عوف، ج5، ص436.</ref><ref>رواه السيوطي في كتابه الجامع الصغير، رقم: 73، عن عبد الرحمن بن عوف و سعيد بن زيد، وقال عنه: صحيح.</ref><ref>رواه أحمد بن حنبل في مسنده عن عبد الرحمن بن عوف، ج3، ص136، وصححه أحمد شاكر.</ref><ref>رواه النسائي في كتابه سنن النسائي|السنن الكبرى عن عبد الرحمن بن عوف و سعيد بن زيد، رقم:8193، و8194.</ref>

Басқада сүйіншіленген сахабалар болған

Көзі тірісінде Жәннәтпен сүйіншіленген осы он кісіден бөлек басқалар да бар. Алайда есімдері бірге аталған сахабалар осылар. Аттары аталмаған басқа сахабалар жәннатқа кірмейді деген сөз емес. Өйткені сахабаларға Аллаһ тағала разы екендігін білдіретін Құранда көптеген аяттар бар.<ref>Қараңыз: Мәидә, 119; Тәубе 110; Фатх, 118; Мужәдәлә, 22; Бәййінә, 8</ref>. Демек, Аллаһ тағала разы болған құлдарын Жәннатқа кіргізері сөзсіз. Алайда, жоғарыда атап кеткендей, олардың арасынан да дәрежелері әр түрлі сахабалар ұшырасады. Бұл сахабалардың көз тірісінде Жәннатпен сүйіншіленуінің өзіндік бірнеше себебі бар: Кей уақытта жасалған істің басқа кезде жасалған істерден артықшылығы болады. Бұл сахабалар Исламның алғашқы қиын-қыстау кезеңінде мұсылмандықты қабылдады. Пайғамбар Меккеде Исламды уағыздай бастаған алғашқы кезде (өзгелердің теріс айналғандарына қарамастан), олар Құранның әмірлеріне құлай сеніп, мойынсұнды. Қауіп-қатерге толы сол күндері көзсіз ержүректілік танытқандар болмаса, мұсылман болуға кез келгеннің батылы бара бермейтін. Хазірет Әбу Бәкір: “Басымызды өлімге тікпейінше сыртқа шығуға да, бір жерге кіруге де жүрексінетінбіз”,–деуі арқылы сол күндердің көз көрген қиыншылығын тілге тиек еткен.

Бұлардың ешқайсысы алған бетінен қайтпай, Пайғамбардың жан серіктері болып, Исламды шынайы көңілмен қабылдап, өмірлерінің соңына дейін қасиетті жолдан бас тартпады. Олардың барлығы Аллаһ тағала тарапынан әмір түскен кезде бала-шаға, мал-мүліктен айрылып қалу қаупіне қарамастан, қиындыққа көз жұмып, тәуекелге бел байлап һижрет етті. Бұлардың арасында шетелдермен қатынасып саудамен айналысарлықтай аса бай Абдуррахман ибн Ауфтың бәрін тастап Мәдинаға көшіп келгенінде, өмірін қайта бастауына тура келгендігін айта кету керек. Демек, олар бір ғана мақсатты көздеді: тек қана Аллаһтың разылығына бөлену.

Жәннатпен сүйіншіленген бұл он кісінің ортақ ерекшеліктерінің бірі – ел тізгінін ұстай алатын парасаттылықты иеленуі. Әу бастағы төрт халифаның өмірі бұған дәлел. Хазірет Пайғамбардың “Үмбетімнің сенімдісі” деген марапатына ие болған Әбу Ұбайданың бойында әйгілі қолбасшы Халидті он орап аларлық парасаттылық бар еді. Міне, осындай қабілеттеріне, дара қасиеттеріне қарамастан Пайғамбарға еруі – ардақтылықтың үлгісі болатын. Аты аталған тұлғалардың бәрі текті жерден шыққан. Хазірет Әлидің әкесі аса дәулетті болмаса да, Меккеде сөзі өтетін беделді кісілердің бірі еді. Исламның болашағы бұлдыр тартып тұрса да байлық пен шеншекпенге көз сатпай, бастарын қатерге тіккендігі үлкен жанқиярлықтың белгісі емей немене?! Олардың ешбірі дүниеге бас имеді. Керек жерінде Хазірет Осман бес жүз түйені үстіндегі жүгімен қоса садақаға берсе, Абдуррахман ибн Ауф дүниесінің ауырлығынан Жәннатқа кірерде кеш қалатынын естіп, қолындағы бар затын көзі қиып, тегіс Аллаһтың ақ жолына жұмсай білді.

Исламның аяғын тәй-тәй басқан алғашқы кезеңінде қиындыққа кеудесін тосушылардың бірі болуы олардың дәрежесін басқалардан ерекшелеп жоғары көтерді. Бұлардың ішінен дәрежесі жағынан төрт халифа ең алда келеді. Ендігі жерде солардың өмірлеріне қысқаша тоқталу арқылы сахабалардың дәуірі, олардың сіңірген еңбектері жайлы мәлімет беруге тырысамыз.<ref>Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 31-33беттер.</ref>

туған, қайтыс болған жылдары

Жәннатпен сүйншіленген он сахабаның туған, қайтыс болған жылдары <ref>Ағылшын википедиясы</ref>
Есімдері Арабша жазылуы туған жылы    Қайтыс болған жылы    
Үлгі:Sort أبو بكر Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort عمر بن الخطّاب Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort عثمان بن عفّان Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort علي بن أﺑﻲ طالب Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort طلحة بن عبيد الله Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort الزبير بن العوّام Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort عبد الرحمن بن عوف Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort سعد بن أبي وقّاص Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort أبو عبيدة بن الجراح Үлгі:Sort Үлгі:Sort
Үлгі:Sort سعيد بن زيد Үлгі:Sort Үлгі:Sort

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Сахаба