Жәбрия Мазһабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Merge Жәбрия Мазһабы, һижраның 50 ж. Жәһм ибн Сафуанның қолдауымен пайда болған бұл топты «Жәбрия» ағымы деп те атайды. Жәбрия деп аталу себебі, «жәбрия» араб тілінде «мәжбүрлеу, зорлау» деген ұғымдарды білдіреді. Олардың түсінігі бойынша, пенде істеген амалының жаратушысы емес, іс-әрекетте пенденің ешқандай рөлі жоқ. Барлық нәрсені Аллаһ жасауда. Пенде сол тағдырындағы жаратылғандығана істеуде деп есептейді. Батыс ғалымдары бұл ағымға «фатализм» деп ат берген. Демек, олардың басты сенімінше, адам жазылған тағдыры бойынша өмір сүрелі және адамның бір істі істеуде ешқандай таңдау еркіндіғі, күш қуаты рөл ойнамайды, тек мәжбүр ретінде істейді. Аллаһ Тағала барлық нәрсені жаратқан, жаратылғандардың ешбірі өзіне ұқсамайтын Ұлы құдірет несі. Сол себепті де Аллаһтан басқа ешкім ештеңе істей алмайды.

Бұл түсініктің ең алғаш яһудилер тарапынан іргесі қаланды. Жағд ибн Дирхам есімді кісі бірінші болып сол түсінікті мұсылмандар арасына жайды. Жағд ибн Дирхам бұл теорияны Шамда бір яһудиден үйреніп, артынан Басраға барып, «жәбр» теориясын насихаттауға көшелі.

Жәһм ибн Сафуан тағдырға тәуелді болу теориясын Жағд ибн Дирхамнан үйренген соң жаңа бір діни топ құрды. Жәһм ибн Сафуан, негізінен, хорасандық еді. Сондықтан, Жәхм өзінің ұстанған идеясын Хорасан мен оның төңірегіндегі халыққа уағыздар сонда табан тіреді. Умея билеушілері әуелде жәбрия ағымының көзқарастарын қарсы шықпайды, қайта қолдау көрсетеді. Өйткені, Умея билеушлері жасаған зұлымдықтары мен әділетсіз әрекеттерін тағдырға сілтеп, тағдырды кінәлауды әдетке айналдырған еді. Умеялықтар алғашқыда бұларға қолдау көрсеткенімен, кейінірек Жәхм ибн Сафуан Насыр ибн Сайяр есімді Хорасанның әкіміне қарсы шыққандықтан, билікке қарсы бас көтеруін дұрыс көрмей 745 ж. Жәхмді өлтірді. Жәхм өлтірілген соң, оның жақтастары Нихабенд деген жерге қоныс аударды. Жәбрия Мазһабы осы маңда біраз уақыт тұрақтағанымен, Матуридя мазһабы тарапынан соққы жеп, ақырында ыдырап, жойылып кетті.

Жәхм ибн Сафуан мұнымен шектелмей өзге де мәселелер төңірегінде өзінің пікірін білдіреді. Мысалы:

  • 1. Жәннәт пен тозақ мәңгі емес, шегі бар.

Жаратылған ешбір нәрсе мәңгілік бола алмайды, бәрінің бітер шегі бар. Мәңгілік тек Аллаһ қана.

  • 2. Иман ету - иман негіздерін біліп қоюмен

жетерлік болады. Иман негіздерін жұрекпен қуаттау, сенгенін тілімен айту қажет емес, тек сол негіздерді біліп қойсаң жеткілікті. Ал күпірлік болса, сол негіздерді білмеуден тұрады.

  • 3. Аллаһтың кәләмы Құран кейіннен жаратылған деп Құран махлық сөзін қолданады.
  • 4. Жәхм Аллаһ Тағалаға ешқандай да сипат

бермейді. Аллаһтың «Хаят» (тірі), «Ілім» (білуші), «Басар» (көруші) секілді сипаты жоқ деп сипаттауды дұрыс көрмейді. Себебі, Аллаһ жаратылғандарға ұқсамайды. Ал бұл сипаттар адамда бар болғандықтан, Аллаһ мұндай сипаттардан пәк.

Көптеген мұсылмандар осы түсініктерді қабылдап, Жәхмге қолдау көрсеткен. Бұл мазһабтың атын шығарған теория: «Адамның еркіндігі мен өкілдігі жоқ, бәрі тағдырдың жазуымен болады». Яғни, барлық нәрсе тек тағдырға байлаулы. Аллаһ әуелде барлық тіршілікті тағдырлап қойғандықтан, адамның өмірде ешқандай рөлі жоқ. Тағдырда солай болған соң оған бас қатырудың, әрекет етудің қажеті жоқ деп, сауап пен күнә істеуді тағдырға сілтеп қойды. <ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub