Жұма (мереке)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұма - мұсылмандардың мереке күні. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар: «Арайлан атқан күндердің ең қайырлысы - Жұма күні. Адам Ата осы күні жаратылды», - дейді (Мүслим, «Жұма»). Жұма күнінің қадір-қасиетіне тоқталған Құран Кәрімде «Жұма» деп аталатын арнайы сүре бар. Хадистерде Жұма күні жуынып, тазарып, мешітке барып, хұтба тыңдап, намаз оқыған кісінің сол күн мен өткен Жұма арасындағы барлық күнәләрінің кешірілетіні айтылады (Бұхари, «Жұма»), Ал бұл күнді елемей, ешбір себепсіз Жұма намазын үш апта бойы тәрк еткен кісінің жүрегінде перде тұтылады (Әбу Дауд, «Салат»).

Жұма күні ежелде еврей және христиандар үшін апталық ғибадат күні болғандығы, кейіннен еврейлер бұл күннің орнына сенбі күнін, христиандар жексенбі күнін апталық ғибадат күні ретінде өзгертіп қабылдағаны және Ислам діні келгеннен кейін ұмыттырылған қасиетті бұл күннің мұсылмандарға қайтадан оралуы жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Біз - бұрынғы кітап берілгендерғе қарағанда, ең соңғысымыз. Қияметте ең алға өтеміз. Олар Аллаһтың өздеріне парыз еткен осы жұма намазы күні жайында қарама-қайшы пікірге түсті. Аллаһ оны бізге көрсетті. Басқа адамдар бұл туралы бізге бағынады. Жұма күнінің ертеңі - яһудейлердікі, одан кейінгі күн - христиандардікі» (Бухари, Жума, 1.211). Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бұл күннің неліктен Жұма аталуының себебін сұрағанда, былай деп жауап қатты: «Күмәнсіз, әкеңіз Адамның жаратылысы сол күні жиналды. Қиямет сол күні болады. Қайта тірілу мен адамдардың есеп беруі үшін ұсталулары да - сол күні болады. Жұма күнінің үш сағатының соңында бір сәт бар. Сол сәтте дұға еткеннің дұ- ғасы қабыл болады», (Ханбал, ІІІ, ЗП) - дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа бір хадисте «Мен дұғалардың қабыл болатын сағатының қай уақытта екенін білуші едім, бірақ Қадір түні сияқты бұл да маған ұмыттырылды», - деп Жұма күнінде дұғалардың қабыл болатын арнайы бір сәттің бар екенін айтады. Міне, сондықтан мүмкіншілік болса Жұма күнін толықтай Құран оқу, намаз оқу, тәсбих, салауат айту сияқты ғибадатпен өткізу керек.

Жұма күні мұсылмандардың апталық айты, мейрамы болғандықтан бейсенбі күні ақшамнан бастап, заттық және рухани тазалыққа басқа күндерге қарағанда көбірек көңіл бөлу керек. Затты тазалықтың ең басында ғұсыл алу, тырнақ алу, таза киім кию, хош иісті әтір себу келеді. Рухани тазалық ретінде Жұма дан бұрын күнәларына тәубе етіп, көбірек зікір, салауат айтып, дұғаның қабыл болатын құпия сағатына тура келуді үміт етіп, көбірек дұға етуге тырысу керек.

Жұма күні жолға шығуға болады. Бірақ түстен кейін Жұма намазын оқымай шығуы - мәкрүһ. Жұма күні тәкбір айту, жуыну, хош иіс жағу, мисуак қолдану, жақсы киім кию - мұс- тахап. Жұма күні азан оқылған кезде себепті жағдайы болмағандардың істерін тоқтатыл мешітке дереу баруы - уәжіп. Жұма күні мешітке ерте бару, екі рәкат намаз оқу, «Кәһф» сүресін оқу немесе тыңдау - мәндүп.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub