Жұбантам мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Жұбантам мұнай кен орны - Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс ернеуі маңы өңіріндегі мұнай кен орны. Кен орны 1986 жылы ашылған.

Географиялық орны

Атырау облысында, Құлсары станциясынан солтүстік-шығыста 90 км жерде орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Мұнайлы құрылым бойлыққа жуық бағытта созылған тұз күмбезімен байланысты қалыптасқан. Күмбездің төбесі 500 м тереңдікте. Үш сәулелі (үш тармақты) грабен арқылы көтерілім оңтүстік-шығыс, батыс және оңтүстік қанаттарда дараланған. Ең түсіңкі келген моноклинді оңтүстік қанатта мұнай жатындары орналасқан. Триас, юра және бор шөгінділерінен құралған тұз бетіндегі таужыныстар жиынтығы саздардың, алевролиттердің, құмтастардың кезектесе қабатасқан қойнауқаттары мен будаларынан тұрады. Төменгі бордың баррем және готерив шөгінділерінің мұнайлылығы анықталды. Бұлардың құрамында 8 өнімді горизонт бөлінді. Жатындардың жатыс тереңдігі 390-560 м-ге дейін өзгереді. Терригендік таужыныстардан құралған қуысты жинауыштардың кеуектілігі 27%. Қалыңдығы 5 м-ден 12 м-ге дейінгі саз қабаты жапқыш рөлін атқарады.

Қанығу сипаты

Өнімді горизонттардың жалпы қалыңдығы 4,8-18,9 м, тиімді және мұнайға қаныққан қалыңдығы 1,8-4,7 м. Мұнайға қанығу коэффициенттері 0,5-063. Табиғи қорқоймасының типі жағынан жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған, кейде литологиялық тұрғыдан шектелген. Су-мұнай жапсары -310 және -472 м-лік белгілерде орныққан. Қойнауқаттық қысым көрсеткіштер 0,78-5,7 Мпа, температурасы 22-33°С. Өнімді горизонттардан мұнай шығымдылығы 2,2-6,6 м3/тәу. Барлық горизонттардың мұнайы түгелге дерлік ауыр.

Тығыздығы, құрамы

Олардың тығыздығы қойнауқаттық жағдайда 870-928 кг/м3. Екі горизонттың мұнайы аз күкіртті (011-0,17%) қалған горизонттардағы күкірт мөлшері 0,5-1,63% парафиндері-3,7%, шайырлары -7,5-13%, аз мелшерде асфальтендер бар (0,39-0,88%). Жатындардың режимі серпінді суарынды. Кен орны барлануда. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер