Жүретін өліктер (телехикая)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телесериал Жүретін өліктер' (ағылш.− The Walking Dead) Роберт Киркман, Тони Мур және Чарли Адлард жасаған комикстерге сүйеніп Фрэнк Дарабонт түсірген американдық постапокалипсистік телехикая. Сюжеттің негізгі бөлігін зомби-апокалипсистен кейін аман қалуға тырысып жүрген шағын адамдар тобы құрайды. Тұсаукесері 2010 жылдың 31 қазанында АМС телеарнасында көрсетілді. Бірінші маусымда 6 эпизод бар, екіншісінде − 13, үшінші және төртіншіде − 16-дан. Бірінші маусым сыншылар тарапынан жақсы бағаға ие болды, сонымен қатар бірнеше рет марапатталды, соның ішінде Ең жақсы драмалық телесериал санатындағы "Алтын Глобус" сыйлығын жеңіп алды. 2011 жылдың25 қазанында АМС үшінші маусымның шығатын уақытын бекітті − 2012 жылдың 14 қазаны. 2012 жылдың желтоқсанында арна шоуды төртінші маyсымға созды да, онда да 16 эпизод болатынын мәлім етті. 2013 жылдың 29 қазанында АМС шоуды бесінші маусымға созды. 2013 жылдың 16 қыркүйегінде АМС жылы телехикаяның спин-оффы шығатыны жөнінде жариялады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер