Жүрек (Дін)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүрек, дінде – иманның тұрағы, Алла тағалаға сенім мекені. Ислам дінінде Жүрек адамның өзегі, дәні саналады. Адам Жүрекпен жетіледі, бойындағы бар игі қасиет Жүректен шығады. Жүрек қандай болса, адам да соның ыңғайымен қалыптасады. Иман ұяламаған Жүрекке перде тұтылып, кір шалады. Мұндай Жүрек Жаратқанды танып білуге қабілетсіз. Иманды адамның Жүрекгі нұрланып тұрады, ол қайрат пен ақылға бағынбайды, жақсылыққа қуанады, жамандыққа ермейді. Ақиқат ауылын тапқан Жүрек алдамайды, алаламайды, адалдықтан айнымайды. Хадисте “Алла адамның түр-әлпеті мен мал-мүлкіне емес, оның жүрегіне қарайды” деп айтылған. Жүрек – сопылық ілімдегі негізгі ұғымдардың бірі. Жүрек, яғни көкірек көзі заттың ішкі мәніне бойлай алады, тылсымды түсініп, ғайыпты сезінеді, шабыт алып қанаттанады. Әлеммен тілдесетін Жүрек шекара дегенді білмейді. Аллаға арнап зікір салу арқылы ғана Жүрек жай табады. Себебі, Алла Жүректі иман, мағрифат және махаббат үшін жаратқан. Ислам философиясының көрнекті өкілі Әбу Мұхаммед әл-Ғазали (1059 – 1111) Жүрекке “әрі дене мүшесі, әрі жартылай рухани мағына” деп анықтама берген. Жүрек адамның ең жоғарғы және ең төменгі болмысын біріктіреді. әл-Ғазалидің тұжырымдауынша, Жүрек адам денесінің барлық мүшелерімен байланысты және “мемлекет әміршісі” секілді оларға билік жүргізеді. Бір жағынан – тілек пен құштарлық, екінші жағынан – дене мүшелері Жүрек тіршілігін қолдап отыруы қажет. Тағы бір ислам философы Әбу Бәкр Мұхаммед ибн әл-Араби (1165 – 1240) де Жүректі “болмыстың бірлігі” туралы іліммен байланыстырды. Оның көзқарасы бойынша, адам Жүрегіне біртұтас құдайлық сипат тән.

Жүрек туралы исламдық түсінік сопылық поэзия классиктері шығармалары арқылы бүкіл шығыс әдебиетіне таралды. Мысалы, қазақ халқының ұлы ойшылы Абай шығармаларында Жүрек сезімі нұрлы ақыл, ал ақылдың өзі суық ақыл түрінде алынып жырланады. Абай: “Ақылмен хауас барлығын, Білмейдүр, жүрек сезедүр”, – деп, Жаратушы иені ақылмен білмейсің, Жүрекпен сезесің деген ойға мегзейді. Ал М.Жұмабаев болса: “Дариға сол күндерде күнім қараң, Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған. Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы, Күнәні жүрекке қой, қойма маған”, – деп, Жүректі адам болмысының мәніне балайды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub