Жүнісбек Қабыкейұлы Сұлтанмұратов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүнісбек Қабыкейұлы Сұлтанмұратов - 1953 жылы 23 ақпанда Қостанай облысы Наурызым ауданының Шолақсай кентінде туған. Қазақ. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1978), журналист. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1970 жылдан - Қостанай облысы Наурызым ауданының Шолақсай кенті орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
  • 1977 жылдан - «Социалистік Қазақстан » газетінің тілшісі.
  • 1980 жылдан - ҚазКСР ЛКЖО ОК баспасөз секторының меңгерушісі, мәдениет бөлімініің меңгерушісі, үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі.
  • 1987 жылдан – ҚазКСР Компартиясы ОК идеологиялық бөлімінің нұсқаушысы, саяси ұйымдастырушысы, баспасөз орталығының кеңес берушісі.
  • 1991 жылдан - ҚР Президенті баспасөз хатшысы қызметінің референті, кеңес берушісі, жетекшісінің орынбасары - ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Президенті Аппаратының баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары.
  • 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрі Аппаратының баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары.
  • 1999 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.
  • 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің жетекшісі.
  • 2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі - ҚР Президенті Әкімшілігінің Кеңсесі меңгерушісінің бірінші орынбасары.
  • 2004 жылдың наурызынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Кеңсесі меңгерушісінің бірінші орынбасары, ҚР Президентінің Әкімшілігі жетекшісінің хатшылық меңгерушісі. *2004 жылдың желтоқсанынан - Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі 2008 жылдан бері - Астана қаласы әкімінің кеңесшісі. «Құрмет» орденімен марапатталған (2004). Әскери атағы - запастағы капитан.

Үйленген. Жұбайы - Сұлтанмұратова Ботагөз. Ұлы - Төлеген (1982 жылы туған), қызы -Әсел (1981 жылы туған). Немерелері - Иманғали (2006 жылы туған), Софья (2009 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub