Жүзбай Қасымбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүзбай Қасымбеков (22.4. 1947 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Алғабас ауылы) – ғалым, өнертапқыш (1982), технология ғылымының докторы (2003). Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1970). Осы институттың «Мелиоративтік және құрылыс машиналары» кафедрасында мұғалім болып жұмыс істеген. 1972 – 2001 жылдары аралығында Қазақ су шаруашылығы ғылым-зертттеу институтында кіші, аға ғылым қызметкер, «Жайылымдарды суландыру» бөлімінің, «Механикаландыру» лаб-ның меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2002 жылдан – ин-т директорының ғыл. жұмыстары бойынша орынбасары. Негізгі ғыл. жұмыстары жайылымдарды суландыру, сумен қамтамасыз ету құрылымдарын тиімді пайдалану, гидротехнология процестерді механикаландыруға арналған. Су тарту мен құдықтарды тазалауға байланысты гидроциклондық әдістерді технологиялық тұрғыдан дамытып, түбегейлі зерттеді. Жасаған технологиялары мен қондырғылары КСРО-ның, Қазақстанның көптеген өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығында қолданыс тапты. 145 ғылым еңбектің авторы, оның ішінде 1 монографиясы (1999) бар. 40-тан аса өнертабыс иесі. Халықар. көрмелердің 3 күміс, 1 қола медальдарымен марапатталды.

Дереккөздер

“Тараз энциклопедиясы”

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүзбай Қасымбеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}