Жымдастық және сынық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жымдастық деп кристалл заттардың белгілі бір бағытта жарылғыштығын немесе ыдырағыштығын айтады. Жымдастығы күшті кристалдар оп-оңай жарылады. Ондай крисгалдардын, жымдасқан жапсарлары сызаттанып, жіктеліп көрініп тұрады. Сондықтан жымдастықты жіктестік деп те айтуға болады. Кристалдардың жымдастық қасиеті олардың тек ішкі құрылыстарына ғана байланысты, ал олардың, сыртқы формаларына ешбір байланысы жоқ . Мысалы, кейбір кристалл заттардың сыртқы формасы түзу болмаса да, оның ішкі жымдастығы біркелкі түзу болып шығады. Кристалдың жымдастығын көру үшін оны балғамен ұру керек, сонда кристалдар өздерінің жымдастық бағыттары бойынша жіктеледі, жарылады немесе бөлініп ұсатылады. Мысалы, ас тұзының кристалын ұрсақ , оның төкшеленіп куб формасында бөлінетінін көреміз, ал слюданы ұрсаңыз, ол бір ғана бағытта жұп-жұқа қабыршақтанып айырлады. Ал кейбір кристалдарды ұрсақ , олар белгілі бір түзу бағыт бойынша жарылмай, қалай болса солай шытынап сынады. Ондай заттарды жымдастығы жоқ немесе жымдастығы нашар зат дейді. Жымдастығы жоқ кристалдың мысалына кварц жатады. Кварцты ұрсақ , ол шыныдай шатынап, қисық - қисық болып сынады. Осы айтылған аса жақ сы жымдаскан заттар мен жымдастығы жоқ заттардың аралығында жымдастығы орташа, шала заттар да бар. Әрбір кристалл заттың өзіндік жымдастық түрі бар. Сондықтан жымдастық қасиет кристалды минералдарды бірінен-бірін ажыратып тануға болатын белгілердің бірі, басқаша айтқанда, жымдастық диагностикалық белгінің бірі. Сондықтан да бірсыпыра минералдардың аттары жіктестік қасиетіне қарай аталған. Мысалы, бірнеше минералға шпат деген сөз қосылып, дала шпаты, балқыма шпат, ауыр шпат, исланд шпаты деп аталады. Шпат деген сөз гректің тақта деген сөзінен шыққан. Демек, бұл айтылған минералдар тақтайша жарылатын жақсы жымдастығы бар заттар. Ортоклаз деген минералдың аты жымдастығы тік бұрышты деген сөзден шыққан (Үлгі:Lang-el тік, клаз — сыну (жіктелу) деген сөз). Сол сияқты плагиоклаз деген сөзде қиғаш сыну деген мағынадан шыққан. Жымдастықтың түрі минералдың сынған жерінен байқалады. Басқаша айтқанда, кристалл заттардың сынған жерлері оның жымдастығының бар-жоқтығын көрсетеді. Сондықтан жымдастық пен сыну формасы бірімен-бірі тығыз байланысатын түсінік.

Минералдардыд жымдастығы олардыд кристаллографиялық бағыттарымен тығыз байланысты екені жоғарыда айтылды. Осы жөнінде тағы да қосымша мәлімет келтіре кетейік. Галенит пен ас түзының жымдастығы куб, карбонаттардікі ромбоэдр, қоңыр амфибол мен пироксендікі призма, слюдалар мен хлориттердікі пинакоид т.с.с. Кейбір минералдардың жымдастығы бірнеше бағытта болады, бірақ олардыд дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, моноклиндік сингонияға жататын гипс кристалын алайық. Оның екінші пинакоид (010) бағыттағы жымдастығы аса жетілген, пирамида (111) бағыттағы жымдастығы орташа, бірінші пинакоид (100) бағыттағы жымдастығы жетілмеген.

Кейбір жағдайларда минералды бір-бірінен жымдастық бағыттарының санына қарай да айыруға болады. Мысалға сфалерит пен вольфрамитты алайық . Бұл екеуі де қоңыр түсті минерал. Сфалерит кристалдарының (110) жазықтықтары бойынша бірнеше бағытта жымдастық жіктері болса, ал вольфрамиттың бір ғана бағытта (010) жетілген жымдастығы болады. Демек, сфалерит минералының түйіршіктері дөдгеленіп тұрса, вольфрамит кристалдары талшықтанып тұрады.

Жымдастық задының негізі кристалдық решеткада орналасқан структура құрушы бөлшектер арасындағы тарту (жабысу) күштеріне байланысты. Кристалдық решетканың бөлшектері (атомдар, иондар, молекулалар немесе радикалдар) бір-біріне неғүрлым таяу болса, олардың арасындағы жабысу күші де соғұрлым күшті болады. Олар бірінен-бірі қашықтаған сайын жабысу күші әлсірей береді. Жымдастық бағыт пен жабысу күшінің ең азы бір-біріне сәйкес келетіні түсінікті: жымдастық бетке перпендикуляр бағытта жабысу күшінің шамасы төмен болады. Кристалл құрайтын белшектер жиі орналасқан решетка қабаттарының аралары бір-бірінен ең алыс тұратын бағыт жымдастық бағыт болып табылады. Мысалы, кристалл бөлшектер дөңгелекшелермен белгіленген. Бұл кристалдық решетканың схемасы. Жымдастық бағыт пен решетка структурасы арасындағы байланыс айқын көрініп тұрады.

Жоғарыда айтылған жалпы геометриялық түсінікпен қатар, кристалдардың құрылысындағы бөлшектердің физика-химиялық қасиеттері де олардың жымдастығына зор әсер етеді. Мысалы, алмаз сияқты бір тектес атомдардан тұратын минералдарда жымдастық ылғи решетка араларының ең қашық орындарын қуалай өтеді, яғни алмаздың жымдастығы октаэдр (111) формасында болады. Сфалерит кристалының структурасы алмазбен бірдей, бірақ бұл алмаз сияқ ты атомдық кристалл емес, сульфид кристалл (ZnS). Сондықтан мұның жымдастығы, октаэдр емес, ромбылық додекаэдр (110) формасы бойынша жіктеледі. Өйткені октаэдр формасын алатын болсақ , онда сфалерит торының бір жағында тек Zn атомдары, екінші жағында тек S атомдары ғана болады, яғни атомдық құрамы кезектесіп келеді, ал (100) жазықтықтарын алатын болсақ оларда Zn пен S атомдарының саны бірдей болады (10-сурет). Жабысу күшінің (110) жазықтықтарында кем болатыны осы схемадан түсінікті.

Иондық решеткада, мысалы СаF2 структурасы сияқты, жымдастық жазықтықтар ылғи аниондық жақтардан өтеді.

Құрылысы қабат-қабат кристалдарда жымдастық жазықтықтар сол қабаттарға параллель орналасады (мысалы, слюдалар, графит, молибденит т. б.). Тінді (талшықты) құрылысы бар кристалдардың жымдастығы да иондық тізбектерге параллель болады (мысалы, пироксендер, амфиболдар т. б.).

Жымдастық дәрежесі бес түрлі шкалаға бөлінеді

Сурет:Слюданың жіктестігі.jpg
Слюданың жіктестігі
Сурет:Шатынап сынған шыны.jpg
Шатынап сынған шыны
  1. Аса жетілген жымдастық - Бұған слюдалар, хлорит минералдары жатады. Олар тырнақпен-ақ оп-оңай жұқа қабыршақталып жіктеледі. Оларды жіксіз сындыру аса қиынға соғады.
  2. Жетілген жымдастық - Бұған кальцит, галенит, ас тұзы т. б. минералдар жатады. Бұларды ұрғанда жіктерінен бөлініп түседі, ал бөлінгендегі түрлері нағыз

кристалдық түрлеріне ұқсас болады. Мысалы, галенит пен ас тұзы минералдары куб формасында кристалданады, ал жіктеліп жарылуы да сол куб формалас тік бұрышты болады. Кальцит ромбоэдр түрінде жіктеледі Бұл минералдарды өздерінің жіктестік бағытынан басқа бағытта сындыру тым қиынға соғады.

  1. Орташа жымдастық - Бұған мысалға дала шпаттарын, қоңыр амфиболдарды алуға болады. Мұндай минералдардың сынған жерінде жымдастық іздері айқын көрініп тұрады, сонымен қатар олардың кездейсоқ жерден шытынап сынған кедір-бұдыр сынықтары да байқалады.
  2. Жетілмеген жымдастық - Бқған мысалға күкірт, апатит, оливин, касситерит сияқты минерадарды алуға болады. Олардың жымдастық бағыттары тек сынған жерінен қадағалап байқағанда ғана көрінеді, ал сынған жерлері тегіс емес, белгілі бағыты жоқ кедір-бұдыр болып келеді.
  3. Аса жетілмеген жымдастық - Бұған корунд, алтын, платина, магнетит сияқты минералдар жатады. Олардың жымдастығын жалпы алғанда жоқ деп қарауға да болады, бірақ ол кейбір жағдайларда ғана байқалып қалады. Бұлар көбінесе шыныдай шатынап сынады. Мысалы, вулкан шынысы — обсидиан сынығы сияқты. Сом металдардыд сынығы қылтанақ ты болады.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}