Жазықтық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жазықтық — геометрияның негізгі ұғымдарының бірі. Геометрияның жүйелі курсын тұжырымдағанда жазықтық ұғымы бастапқы ұғым ретінде алынады, ал оның жанама анықтамасы геометрия аксиомаларында беріледі. Жазықтықтың кейбір сипаттамалық қасиеттері мынадай:

  1. егер түзудің екі нүктесі жазықтықта жатса, онда түзудің барлық нүктелері сол жазықтықта жатады;
  2. жазықтық — берілген екі нүктеден бірдей қашықтықтағы нүктелердің жиыны. :азықтық — бірінші реттік алгебралық бет. Ол декарттық координаттар жүйесінде 1-дәрежелі теңдеумен берілуі мүмкін. Жазықтықтың жалпы (толық) теңдеуі былай өрнектеледі: Ax+By+Cz+D=0, мұндағы A, B, C, D — тұрақтылар.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Жазықтық. геологияда: Биіктік көрсеткішінің біркелкілігімен сипатталатын мейілінше ауқымды алқап. Бүкіл Жазықтық өңірінен көрініс беретін барша биіктік көрсеткіштеріндегі айырма кейде жүздеген метрге де жетуі мүмкін.<ref name=s1>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Тарихы

Жазықтықтың теңдеуі алғаш рет 1731 жылы француз математигі Алекси Клеронның(1713 - 1765) еңбектерінде кездескен.Жазықтықтың кесінділердегі теңдеуі 1816 - 1818 жылдары француз математигі Габриель Ламенің(1795 - 1870) еңбектерінде ұшырасқан.Жазықтықтың қалыпты теңдеуін 1861 жылы неміс математигі Отто Гессе(1811 - 1874) ұсынған.

Жанасу жазықтығы - беттің берілген нүктесі арқылы өтетін жазық.

Комплекстік жазықтық - комплекс сандарды геометриялық тұрғыда бейнелеуге арналған тікбұрышты декарттық координаттық жүйе және де абсцисса осінің бойына нақты сандар, ал ордината осі бойына - жорымал сандардың коэффиценттері салынатын жазықтық.

Координаттық жазықтық - координаттық екі осін қамтитын жазықтық.

Қима жазықтық - берілген денеге немесе жазықтыққа тиісті болатын бос(құр) емес жиын.

Қиюшы жазықтық - берілген дене мен қима жазықтық үшін ортақ болатын нүктелер жиыны.

Дереккөздер

Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жазықтық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}