Жылысай тас мүсіндері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жылысай тас мүсіндеріҚарағанды облысындағы Түркі қағанаты (6 – 8 ғ-лар) мен Дешті Қыпшақ (8 – 13 ғ-лар) заманынан сақталған ескерткіштер, мүсін тастар тобы.


Түркі қағанаты кезеңіне жататын мүсіндер тас қоршаудың шығыс жақ іргесінде, беті шығысқа қаратыла орнатылған. Жылысай тас мүсіндерінің өлшемі 6х6 м, 5х5 м, 2х2 м болып келеді. Жылысайдағы тас қоршаулардың жалпы саны 8, олардың әрқайсысының шығыс іргесінде бір-бір мүсін тастар болған. Оның 3-уі қираған. Бізге жеткен 5 мүсіннің 2-уі егде адамды, екеуі жас жеткіншекті, өте тұрпайы жасалған соңғы мүсін орта жастағы әйелді бейнелейді. Бұл тас мүсін нәрестелердің қорғаушысы саналған Ұмайдың бейнесі болуға тиіс.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Тағы қараңыз

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}