Жуғыштау сұйығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жуғыштау сұйығы. Ұңғыманың тиімді бұрғылануын және нақтылы геологиялық жағдайда өнімді қойнауқаттың мейілінше жақсы тесілуін қамтамасыз ететін, белгілі бір рецептіге сәйкес дайындала отырып, бұрғылау барысында нақтыланып отыратын арнаулы сұйық сипаттамалары түрліше болып келетін сазды ерітінді, сазсыз сұйық, мұнайға негізделген сұйық тағы басқа.

Бұл сұйықтардың атқаратын басты-басты қызметтері:

  • бұрғыланған тау жыныстары үлгісін бөлектеу және оны сұйықтар айналымы тоқтаған сәтте қалқыған күйде үстап түру;
  • тау жынысын ұңғыма оқпанында жуғыштау;
  • бұрғылау қашауышын суыту;
  • бұрғылау барысында қойнауқаттан газ, мұнай, су массаларының ұңғыма оқпанына түсуін болдырмау; ұңғыма оқпаны қабырғаларының беріктігін сақтау;
  • ұңғыма каротажы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
  • турбиналы бұрғылау барысында қашауыштың айналуын қамтамасыз ету тағы басқа.<ref name=s1>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.</ref>

Түрлері

  • Мұнайға негізделген жуғыштау. Тұрақтандырушы реагент және құрылым қалыптастырушы зат ретінде натрийлі немесе кальцийлі тұздарды, ал коллоидты фаза ретінде мықты тотыққан таушайырды пайдаланатын мұнайға (суға емес) негізделген жуғыштау сұйығы. Мұндай сұйықтар сүзбелеу қабілетінің және тығыздығының төмендігімен, бірақ шартты тұтқырлығының жоғары дәрежесімен сипатталады, бұл жайт оларды өнімді қойнауқаттарды сүзбелеу қабілетін нашарлатпай тесуге, бұрғылау тасбағаны бойынша мұнаймен алғаш қанығу дәрежесін анықтауға жағдай жасауға, арнаулы геофизикалық зерттеулер жүргізуге т.б., сол сияқты бұрғылау жұмыстарын өте күрделі геологиялық жағдайларда жүргізуге мүмкіндік береді. Синонимі — "сүзбеленбейтін жуғыштау сұйығы ".
  • Сүзбеленбейтін жузғыштау сұйығы. "Мұнайға негізделген жуғыштау сұйығы" терминінің синонимі.
  • Жеңілдетілген жуғыштау сұйығы. Жуғыштау сұйықтарының күрделі геологиялық жағдайларда сіңбеленуін болдырмау және қойнауқаттық қысымдары төмен дәрежелі қойнауқаттарды тесіп өту мақсатында қолданылатын тығыздығы біршама төмен болып келетін жуғыштау сұйығы. Мұндай сұйықтар сумен сұйытылған сазды ерітінді (жоғары коллоидты саздар қосылған), бентонит саздардан жасалған ерітінді, мұнайға негізделген ерітінді, ауамен тоғытылған сазды ерітінді түрлерінде болуы мүмкін.
  • Ауырлатылған жуғыштау сұйығы. Жоғары дәрежелі қойнауқаттық және бүйірлік қысымдар жағдайында бұрғылау барысында қолданылатын дисперсиялық фазадағы әртүрлі құрамды ұсақталған ауыр минералдардың (барит, гематит т.с.с.) ұнтақтары қосылған жуғыштау сұйығы.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}