Жолболды Кенебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жолболды Кенебаев (1939-2005, Маңғыстау облысы). Сауда техникумын бітірген (1959). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген сауда қызметкері. 1959-1998 жылдары - «Маңғыстаугеология» АҚ Жетібай, Қарақия мұнай барлау экспедицияларында сауда бөлімінің тауартанушысы, аға тауартанушысы, бастығы, ЖҚЕБ бастығының орынбасары, бастығы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}