Жолбаян

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жолбаян – Солтүстік Үстірттегі Уәліден шығысқа қарай 16 км жердегі сортаңды жазықтағы құдықтар. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан. Кезінде құдықтар саны 10-нан астам болған. Тереңдігі 7 – 10 құлаш (7 сажын) аралығында. Бәрі дерлік таспен шегенделген. Кейбірінің аузы, тас ақыры сақталған. 1850 жылы Жолбаян бір мезгілде 1 мың жылқы, 600 түйені суаратын қуатты су көзі саналған. Құдықтар қазір де қолданыста.

Атаудың сөзжасамдық сипаты

Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Жол (зат есім) және баян (сын есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған гидроним. Баян – моңғол тілінде «бай» деген мағына береді. Сондай-ақ Баян – қарақалпақ, қырғыз руларының аты.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Ал көне түркі тілінде жул – «жылға, бұлақ».<ref>Үлгі:Кітап</ref> Сонда атаудың мағынасы: «Баян руының бұлағы немесе жылғалы құдығы».<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер