Аналитикалық тәсіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аналитикалық тәсіл - сөз жасаудың синтаксистік амалы, яғни түбір (негізгі я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жаңа сөз тудыру тәсілі.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Екі сөзден біріккен жалқы есімдер (Қажымұқан, Дүйсенәлі, Гүлайша, Көкшетау, Сырдария т.б.), терминдік атаулар (тәжікораз, бесжылдық, матанализ, аэрошана), идиомдық тіркестер (ден қою, кұлақ салу, тіс жару, тіл қату) мен кіріккен сөздер (бұл күн > бүгін, ендігіден әрі > ендігәрі, алып кел > ап кел > әкел), қос сөздер (бала-шаға, егжей-тегжей, қап- қара) т.о. Аналитикалық тәсілмен жасалған. Аналитикалық тәсіл синтетикалық тәсілге балама болып, ауысып та айтылады (аққыл >ақта; мысық мияу деді >мияулады). Сөз жасау тәсілінің бір түрін ғана қолданатын тіл кездеспейді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}