Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев (29 қыркүйек 1954 жыл, Луговой ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық саясаткер, ғалым агроном<ref name="Eldala">Үлгі:Cite web</ref>, 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты<ref>Үлгі:Cite web</ref> және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы.

Дайрабаев бұрын Қазақстан Жоғарғы Кеңесі XII шақырылымының депутаты (1990–1995) болған және 2022 жылы Қазақстан президент сайлауындағы үміткерлердің бірі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2023 жылғы 6 сәуірде екі ұлы, Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.<ref name="uldararrest">Үлгі:Cite web</ref> Бұның нәтижесінде Жигули Дайрабаев жанжалға ұшырады, бірақ депутаттығынан айырылған жоқ.<ref name="arresthaliquni">Үлгі:Cite web</ref> Жигули Дайрабаев оларды кінәлі деп мойындамады.<ref name="arrestkursiv">Үлгі:Cite web</ref>

Өмірбаяны

Жигули Дайрабаев 1954 жылғы 29 қазаннда дүниеге келді. Шопан көмекшісі және жүргізуші болған Жигули мансабын 1974–1977 жылдары Луговой ауданы «Путь к коммунизму» (орысшадан «Коммунизмге жол») ұжымшары комсомол комитетінің хатшысы болып бастады. Кейінірек ол Луговой ауданының «Путь к коммунизму» ұжымшары кәсіподақ комитетінің төрағасы лауазымын 1977–1980 жыл аралығында иеленді. Төрағалығын тоқтатқан жылы Жигули Дайрабаев Каменск ауылдық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұдан кейін ол екі жыл бойы (1985–1987) Луговой ауданы «Алғабас» қой совхозы партия комитетінің хатшысы болды.<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref>

1987–1995 жылдары Жигули Дайрабаев Луговой ауданының Жамбыл атындағы Ұжымшар басқармасының төрағасы болып, 2 жыл бойы «Қорағаты» кеңшарының директоры лауазымына тағайындалды.<ref name=":0" />

Жоғарғы Кеңестегі депутаттығы (1990–1995)

Жигули Дайрабаев 1990 жылы Қазақстан Жоғарғы кеңесі XII шақырылымының депутаты болып сайланған. Оның келесі 5 жыл бойы созылған Кеңестегі мүшелігінің жылдарында Қазақстан тәуелсізідігі жайлы декларациясының күшке енуі, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш конституциясының және мемлекеттік рәміздерінің бекітілуі және 300-ге жуық заңның қабылдануы сияқты тарихи өзгерістер орын алды.<ref name=":0" />

Жоғарғы Кеңестегі депутаттығынан кейін (1997–2022)

Жигули Дайрабаев Т. Рысқұлов Аудандық статистика басқармасының басшысы (1997–2001), Шу ауданы «Берликский» астық қабылдау кәсіпорнының директоры, Меркен ауданы «Қазексім-Меркі» мекемесінің директоры (2001–2009), «МОЛБАЛ» ЖШС бас директоры (2009–2015), «Қазақстан фермерлер одағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы (2015–2019), «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ қауымдастығының президенті (2019–2022) қызметтерін атқарған.<ref name=":0" />

Дәл қазір Жигули Дайрабаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың депутаты (14 маусым 2022 жылдан бастап), Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы (2022 жылғы маусымнан бастап) және «Атамекен» ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы (2022 жылғы маусымнан бастап) лауазымдарының иегері болып келеді.<ref name=":0" />

2022 жылғы президенттік сайлау

Сурет:Dairabaev2022 logo.svg
Дайрабаевтың 2022 жылғы сайлаудағы қолданған логотибі
Сурет:Dairabaev in Western Kazakhstan Region.png
Өзінің Батыс Қазақстан облысындағы үгіт жұмысы кезіндегі Дайрабаев, 2022

Ауыл ХДПП қыркүйекте өткен съезінде 2022 жылғы президент сайлауына атынан шыққан үміткер болып Жигули Дайрабаев таңдалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сайлаудағы ЖСДП атынан шыққан үміткері Нұрлан Әуесбаев Тоқаевтан басқа барлық үміткерлерді сынға алды да, Дайрабаевты "Ауыл партиясында емес те екен" деп айыптады. Осыған Жигули Дайрабаев видео-жауап түсірді, Нұрлан Әуесбаевты бетпе-бет кездесуге және дебат ұйымдастыруға шақырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сайлау нәтижесінде Дайрабаев жалпы дауыс санының 3,42%-ын жинап, жеңіске жетіп, қайта сайланған Тоқаевтан кейінгі екінші орын алды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2023 жылғы парламенттік сайлау

Президенттік сайлауда жеңілген Жигули Дайрабаев пен басқа үміткер Қарақат Әбден Ауыл партиясының мүшелері тізіміне кірді.<ref name="Awıl" />

Ауыл ХДПП 2023 жылғы парламенттік сайлауға да қатысқан еді, және Жигули Дайрабаев партияның ең белсенді мүшелердің бірі болған.

Ол сайлауалды дебатқа Ауыл ХДПП атынан қатысқан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Мәжілістегі депутаттығы (2023–)

2023 жылғы парламент сайлауының нәтижесінде Ауыл ХДПП Мәжіліске тұңғыш рет өтті, және партия атынан мандат алған сегіз депутаттардың бірі Жигули Дайрабаев болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сын

Қарсыластарына арнаған видеолары

2022 жылғы президент сайлауына ұсынылған үміткер ретінде Дайрабаев келіспегендерге арнаған бірнеше видеолар жасаған еді, соның ішінде: Мұхтар Тайжанға «Сенде ұят бар ма?... Президенттікке кандидатқа түскеніме ішің жарылып бара жатыр ма?» дегені<ref>Үлгі:Cite web</ref>, басқа үміткер Нұрлан Әуесбаевқа «Нұрлан Әуесбаев деген азамат «Ауыл» партиясының атына, маған сын айтыпты. Нұрлан батыр, саған айтарым, алыстан айбат көрсеткенше, бетпе-бет кездесейік. Қандай ойың бар екенін тыңдайын» дегені<ref>Үлгі:Cite web</ref> бар.

Балаларының сотталуы

2022 жылғы 3 қазанда түрлі БАҚ-нда Жигули Дайрабаевтың екі ұлы Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Ерлан Құлкеевпен бірге бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін талан-таражға салды және алаяқтық жасады деген айыптары жарыққа шықты.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Кейінірек олар жайлы іс қозғалғаны жарияланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Ұлдарының сотталуы жайлы Жигули Дайрабаев осылай айтты: Үлгі:Дәйексөз

2023 жылғы 6 сәуірде екі ұлы алаяқтық пен алдау бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды.<ref name="uldararrest" /> Бұның нәтижесінде Жигули Дайрабаев жанжалға ұшырады, бірақ депутаттығынан айырылған жоқ.<ref name="arresthaliquni" /> Жигули Дайрабаев оларды кінәлі деп мойындамады.<ref name="arrestkursiv" />

Меншікті ұрлаған деген айыптары

Саит Рузиев есімді азамат бейнеде Дайрабаевқа «жылжымайтын мүлікті заңсыз түрде өзіне тартып алды» деген айып тақты. «Ұрланған мүлік» ішінде Меркі ауылындағы тұрғын үй мен Кеңес ауылындағы жер. Айыпқа жауап ретінде Дайрабаев өзінің Facebook парақшасында Үлгі:Дәйексөз деген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Балалары құлдықта ұстаған деген айыптар

Василий Ковешников есімді азамат Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Дайрабаевтың ұлдары оны еңбек құлдығында ұстағанын мәлімдеді. Ковешников сөзінше<ref>Үлгі:Cite web</ref> Үлгі:Дәйексөз

Жамбыл облысының полициясы мен Дайрабаевтың өзі Ковешниковтың құлдықта ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Дайрабаев оған қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырылды деп отыр.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> «Барлық жанжалдардың себебімен депутаттығыңызды тоқтатасыз ба?» деген сұраққа Дайрабаев «Ондай сұрақ қоймаңыздар, ұят болады» деп жауап берді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Осы жауабы үшін де Дайрабаев сын нысанасына айналды.

Жеке өмірі

Жигули Молдақалықұлы өзінің есімі туралы сұраққа жауап бергенде әкесі ұлының үлкен азамат болуын тілеп, оны Жигули тауларының атымен атағанын айтқан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жигули Дайрабаев үйленген, үш ұлы және жеті немересі бар.<ref name="Eldala" />

Марапаттары

Медальдері

Құрметті атақтары

Басқалары

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер