Кеңес (Меркі ауданы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан КеңесЖамбыл облысы Меркі ауданы, Кеңес ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Меркі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде, Аспара өзенінің жағалауындағы бидайық, нарғия, сұлыбас, т.б. шөптесін өскен қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты тау алдының құрғақ жазығында орналасқан.

Халқы

Саны (2009, 2021)<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
2332 Үлгі:Құлдырау1977 84,8 1196 Үлгі:Құлдырау1033 86,4 1136 Үлгі:Құлдырау944 83,1

Инфрақұрылымы

Орта мектеп, мәдениет үйі, медициналық пункт бар.

Тарихы

Іргесі қызылша өсіретін Қазақстан атты ұжымшардың орталығы ретінде қаланды. 1929 жылы алғаш артель, 1930 жылы "Кеңес" колхозы болып құрылды. Колхоз қазіргі Аспара ауылының үстіңгі жағындағы Қараталдың төңірегінде қоныстанған. Киіз үйлерде отырған, кейіннен қазіргі ауыл орнына келіп қоныстанған. 1997 жылдан Кеңесте және округке қарайтын Жауғаш, Қайыңдысай, Кентай ауылдарында «Племзавод» акционнерлік қоғамы құрылған.<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Ауыл маңы

Мықан өзенінің бойында Шошқалы деген жер бар. Қалың қорыстың ішінде жабайы шошқалар, қасқырлар болған. Колхоз ірілендірілген 1950 жылдары қалың қорыс трактор шалғысымен шауып тасталған. Содан кейін жабайы шошқалар мен қасқырлар жоғала бастаған. Шабылған қалың қорысты халық отын, малға азық қылды.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Меркі ауданы елді мекендері