Желтоқсан көшесі (Астана)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Астана қаласы 43.jpg
Желтоқсан көшесі
Сурет:Астана қаласы 44.jpg
Желтоқсан көшесіндегі «Астана» телеканалының ғимараты
Желтоқсан көшесі — Шығанақ көшесінен басталып, Мәскеу көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдары мен Тұрар Рысқұлов, Кенесары, Талғат Бигелдинов, Сәкен Сейфуллин, Әліби Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы — 2360,9 метр.
Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17–19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың Республика халқының пікірімен санаспастан, Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің 1 -хатшысы Геннадий Колбинді Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.<ref>Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8</ref>