Жаңабұлақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Жаңабұлақ (2002 жылға дейін – Кожехарово)<ref>Баспасөзге шолу Үлгі:Webarchive</ref> — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Жаңабұлақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Чапаев ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Жайықтың оң жағалауындағы қамыс, құрақ аралас боз, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен шалғынды-қоңыр, қызыл қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1465 адам (743 ер адам және 722 әйел адам) болса, 2009 жылы 1313 адамды (649 ер адам және 664 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1075 адамды (570 ер адам және 505 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі 1946 жылы «Родник новый» ұжымшарының құрылуына байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Кожехарда және Қосшығыр ауылында 16 шаруа қожалығы мен 3 ЖШС-тер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Орта, орталау мектептер, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль және су жолы арқылы қатынасады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Ауыл көшелері

  • Ә.Камалов көшесі
  • Е.Жанғалиев көшесі
  • Жеңістің 60 жылдығы көшесі
  • К.Тауқалақов көшесі
  • М.Абатов көшесі
  • Н.Қонысов көшесі
  • С.Серғазиев көшесі
  • Т.Балхашев көшесі
  • Х.Сариев көшесі
  • Ы.Абдуалиев көшесі

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Ақжайық ауданы елді мекендері