Жақыпбек Алтайұлы Алтаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жақыпбек Алтаев (21 сәуір 1948, Қазығұрт, Қазығұрт ауданы, Түркістан облысы) – фарабитанушы-ғалым, философия ғылымының докторы (1997), профессор (1998).

Өмірбаяны

Ташкент мемлекеттік университетiнiң философия және экономика факультетiн бiтiрген (1972). 19721976 ж. Шымкент педагогикалық институтының философия кафедрасының оқытушысы. 1980–1985 ж. Қазақ көлiк және коммуникация академиясы (бұрынғы Алматы транспорт және көлік инженерлері институты) философия кафедрасының аға оқытушысы, доцент. 1985 жылы ҚазҰУ-да философия және саясаттану факультетiнде философия және әлеуметтік таным методологиясы кафедрасының меңгерушiсi болды.

«Қазақ философиясының қалыптасуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Алтаев қазақ философиясы, мәдениет тарихы мен теориясы мәселелерiн зерттеумен шұғылданады. 50-ден астам ғылыми мақалалары, 2 монография, 4 оқулық, бес оқу құралы жарық көрген. Студенттерге, магистранттар мен аспиранттарға «философиялық антропология», «құқық философиясы», «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұралары», «Ислам философиясы», «мәдениет тарихы мен теориясы» атты арнайы курстар жүргiзiп келедi. 1993 жылы Иран Ислам Республикасының Тегеран университетінде халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасады.

Ғылыми дәрежесі

Еңбек тәжірибесі мен марапаттаулары

2011 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің “Үздік оқытушы” грантының иегері. 2008 ж. Қазығұрт ауданының “Құрметті азаматы”. 2008 ж. Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің медалімен марапатталды.

2018 ж. Фарабитану ғылымына қосқан үлесі үшін "Әл-Фараби” алтын медалі берілді.

Қысқаша ғылыми қызметі

Ж.Алтаев 7 монографиялық зерттеудің, 15-тен аса оқулық пен оқу құралдарының авторы, ғылыми еңбектерінің жалпы саны 300-ден астам. 2018 ж. 7 томдық шығармалар жинағы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрді.

Ж.Алтаевтың жетекшілігімен 30 ғылым кандидаты, 4 ғылым докторы, 5 (PhD) философия докторы, қазіргі уақытта 2 (PhD) докторантқа ғылыми жетекші.

Ғылыми бағыттары

Қазақ философиясы, Фарабитану, Ислам философиясы, философия тарихы.

Оқитын пәндері

“Қазақ философиясы”, “Әл-Фараби және қазіргі заман”, “Ғылым тарихы мен философиясы”, “Орта ғасыр классикалық ислам философиясы”.

Шығармашылығы

  • Қазақ философиясының тарихына кіріспе, А., 1994;
  • Қазақ даласының ойшылдары IX - XII ғғ., (телавтор), А., 1995;
  • Қазақ философиясы, А., 1996;
  • Философия және мәдениеттану, А., 1998;
  • Қазақ халқының рухани мұралары, А., 1998;
  • Философия тарихы, А., 1998;
  • Основы философии, А., 2001;
  • Философия, оқулық, А., 2004.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>
  • “Әл-Фараби және Ислам философиясы” Алматы, «Қазақ университеті» 2012, 162 б.
  • “Ислам философиясы” Алматы, «Эверо» 2014, 500 б.
  • “Ортағасыр Классикалық Ислам философиясы” Алматы, 2016, 343 б.
  • “Философия тарихы ” Алматы, «Қазақ университеті» 2017, 337 б.
  • Көптомдық шығармалар жинағы (1-7 том) Алматы, «Қазақ университеті» 2017.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала