Жарылқап Бейсенбайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жарылқап Бейсенбайұлы<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1947 жылы 10 сәуірде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Молыке Шойманов ауылында туған. Көрнекті журналист, жазушы, зерттеуші. 1969 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген. 1969-1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 19901997 жылдары «Ана тілі» газетінің тұңғыш Бас редакторы болған. 1997 жылдың соңынан Қазақ ақпарат агенттігі директорының орынбасары, 2002 жылдан осы агенттік негізінде құрылған «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы АҚ-ы Қазақ редакциясының бас редакторы. 2014-2017 жылдары "Мәдени мұра" - "Культурное наследие" жұрналының бас редакторы.

Еңбегі

«Шоқан ізімен» (1977), «Буырқанған бояулар» (1981), «Әдеп әлемі» (1982), «Жасын-тағдыр жарқылы» (1987), «Қазақ шежіресі» (1994), «Арғы түрктер ақиқатының ізімен» (2006) атты деректі-танымдық, эссе, зерттеу кітаптарының, "Шоқан" роман-эссесінің (2009) авторы. Соңғы көлемді шығарма 2015 жылы орысшаға "Чокан Валиханов" (историко-биографическое повествование) деген атаумен аударылып, оның таныстырылымы сол жылдың соңында Мәскеу қаласындағы Орыс Географиялық қоғамының штаб-пәтерінде өтті. Сонымен бірге 2015 жылы Астанадағы Түркі академиясының жобасы бойынша "Орталық Азиядағы арғытүрк сипатты мәдениеттер: этнотектік аспектілер" монографиясы, 2017 жылы Мемлекеттік бағдарлама бойынша "Ұлы Даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері" атты көрнекі безендірілген ғылыми-көпшілік еңбегі оқырман назарына ұсынылды. 2022 жылы бес томдық шығармалар жинағы, 2025 жылы "Шоқан. Ерек туған феномен" тарихи-ғұмырнамалық роман-эссесі жарық көрді.<ref>“Қазақ әдебиеті". Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6; "Казахстанская правда" газеті, 20 декабря 2015 г.; "Қазақ әдебиеті" газеті. №7-8. 19.02.2016 ж.; "Ақиқат" жұрналы, 2017 ж., №11; "Егемен Қазақстан" газеті, 28 қыркүйек, 2022 ж.; "Ана тілі" газеті, 26 маусым, 13 қараша 2025 ж. </ref>

Жетістігі

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған (1980 ж.), Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты (1982), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1989), филология ғылымының кандидаты. "Мәдениет қайраткері", "Ақпарат саласының үздігі", "Ахмет Байтұрсынұлы" ведомстволық төсбелгілерінің, "Ерен еңбегі үшін", "Еңбек ардагері" медальдарының, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:WikifyҮлгі:Bio-stub