Жандар Кәрібайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жандар Кәрібайұлы (20.11. 1939 ж. т., Түлкібас ауданы) – қоғам қайраткері. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1965), Алматы Жоғары партия мектебін (1975), Халықаралық құқық академиясын (1999) бітірген. Еңбек жолын Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-интернатында неміс тілі пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 1966 – 1969 жылдары Жамбыл ауданындағы «Шұғыла» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1969 – 1976 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық «Шұғыла» – «Радуга» газетінің редакторы, 1976 – 1984 жылдары Жамбыл аудандық партия комитетінің хатшысы, 1984 – 1992 жылдары Жамбыл облысының партия комитетінің идеология, кейіннен ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімдерін басқарды. Жамбыл облысы Мәдениет басқармасының бастығы болды. 1995 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды. Сенаттың Аймақтық даму және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана» медальдарымен, ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясының күміс медалімен, «Алтын Барыс» белгісімен марапатталған. Сондай-ақ бауырластықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Моңғол Халық Республикасының «Достық» орденімен марапатталған. Кәрімұлы 100-ден астам көлемді публицистмкалық мақалалардың авторы. Олардың таңдаулылары «Ат тұяғын қыздырған Атамекен» деген атпен жеке кітап болып шықты. <ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том

Пайдалған әдебиет

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жандар Кәрібайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}